КХЛ: бүгін Барыс-Динамо командалары кездеседі

КХЛ: бүгін Барыс-Динамо командалары кездеседі

КХЛ: бүгін Барыс-Динамо командалары кездеседі
ашық дереккөзі
Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен кездеседі, – деп хабарлайды Sports.kz. Елордалық клуб жаңа маусымдағы алғашқы матчында Латвияда жергілікті «Динамо» (Рига) клубын 3:2 есебімен жеңді. Осылайша чемпионатты сәтті бастады. «Барыс» пен Минскінің «Динамо» командасы бүгінгі күнге дейін 23 мәрте кездескен. Оның 14-і елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында Беларусь командасы мықтылығын танытты. Айта кетерлігі, соңғы төрт ойында «Барыс» жеңіске жетіп келеді. Сондай-ақ, Минскіде өткен соңғы екі ойында да қазақстандық клуб басым болды. Екі команда арасындағы кездесу бүгін елорда уақытымен 20.10-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.