Елімізде 9 мыңнан астам келіншек бедеуліктен зардап шегеді

Елімізде 9 мыңнан астам келіншек бедеуліктен зардап шегеді

Елімізде 9 мыңнан астам келіншек бедеуліктен зардап шегеді
ашық дереккөзі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов елімізде 9 мыңнан астам келіншек бедеуліктен зардап шегеді. «Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Денсаулық сақтау министрлігінің алдына 11 тапсырма жүктеді. Олар бұған дейін тыңғылықты талқыланды. Тек ЭКО-ға квотаны арттыруға ғана тоқталғым келеді. Президент Үкіметке келесі жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосуды және ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін арттыруды тапсырды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның дерегінше, ЭКО бағдарламасы елімізде 2010 жылдан бастап медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қосылған. Бүгінде елімізде 26 ЭКО орталық жұмыс істейді. Оның 21-і жекеменшік саналады. «Қазіргі уақытта осы әдіспен 22 мыңнан астам бала дүниеге келді. Электронды денсаулық сақтау республикалық орталығының ақпараттық жүйесіне сәйкес, бедеулікпен есепте 9 467 әйел тұр», – деді Бағдат Қожахметов.