Фахриддин ҚАРАТАЕВ: Президент Жолдауы – сенімге серпін

Фахриддин ҚАРАТАЕВ: Президент Жолдауы – сенімге серпін

Фахриддин ҚАРАТАЕВ: Президент Жолдауы – сенімге серпін
ашық дереккөзі
Фахриддин ҚАРАТАЕВ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі: – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы жолдауында еліміздегі атқарылып жатқан әрекеттердің барлық салаларына егжей-тегжейлі және әділ баға берді. Президент Тоқаевтың жолдауы біз үшін стратегиялық және биліктің барлық деңгейлері мен азаматтық сектор үшін бірнеше жылға арналған нақты күн тәртібі болып отыр. Жолдаудағы барлық мәселелер мен міндеттер кешені Қазақстан азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытында қарастырылған. Біз бұл міндеттердің саяси және әлеуметтік маңызын түсінеміз. Президент жолдауында  экономикадан бастап саяси реформаға дейінгі барлық салалар қамтылды. Жолдауда айтылған негізгі ойлар төмендегідей:
  1. 2020 жылы мемлекеттік қызметкерлер саны 10%-ке, 2021 жылы 15%-ке қысқартылады. Үнемделген қаржы есебінен мемлекеттік қызметкерлер жалақысы өседі.
  2. Мемлекеттік қызметтегі жауапты хатшылар деген лауазым қысқартылады.
  3. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық айналымға түсіру шаралары іске асады.
  4. Пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске субсидия беріледі. Осы мақсатта бюджеттен 200 млрд теңге бөлінеді.
  5. ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін 35%-ке жеткізу, осы саладағы еңбек етуші халықтың үлесін 4 млн-ға шығару керек. (Қазақстанда экономикалық белсенді 9 млн-ға жуық халық бар).
  6. ҚазАгро мен Бәйтерек ұйымдары біріктіріліп, Даму қоры құрылады. Қызметкерлер саны 50%-ке қысқарады.
  7. Келесі жылдан бастап тұрғын үй алу, емделу мен білім алу мақсатында азаматтар зейнетақы қорындағы қаржысын пайдалана алады.
  8. 2021 жылдан бастап мұғалімдер жалақысы 25%-ке өседі.
  9. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы елдегі орташа жалақыдан екі есе көп болады.
  10. Келесі жылдан бастап судьялар мен депутаттардың шетелдік банктерде есеп шот ашу мен жылжымайтын мүліктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бақылауында болады.
  11. Көшелерді жыл сайын жөндей беретін жобалар тоқтатылады.
  12. Маслихат депутаттары петиция арқылы қол жинап, жергілікті жердегі мәселелерді көтере алатын тетіктер қарастырылады.
  13. Маслихат отырыстары онлайн көрсетілетін болады.
  14. Онлайн петиция іске қосылып, ел азаматтары өзекті тақырыптарды мемлекеттік деңгейде көтере алады.
  15. Саяси реформалар жалғасын табады. Демократияның басты жауы білімсіздік пен популизм.
  16. Хайпократияға жол бермей елді сатылап реформалаймыз.
  17. Жемқорлықпен күрес күшейеді.
Азаматтардың зейнетақы қорындағы қаржысын тұрғын үй алу үшін пайдалана алуы мен ауыл әкімдерін сайлауға көшу бүгінгі күні өте өзекті. Осы мәселені халық көптен бері күтіп жүр еді. Қазір ауылда жарық өшіп қалса да Астананы кінәлайды. Ауылды басқаруды ауыл халқының өзіне берген дұрыс. Алдағы уақытта сатылап аудан мен қала әкімдері сайланатын болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында уақыт талабына сай даму бойынша негізгі бағыттар мен батыл қадамдарды көр сетіп берді. Ол еліміздегі барлық салаларға арналып отыр. Сондықтан осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету – депутаттық корпустың негізгі міндеті. Ең алдымен мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту үшін жыл соңына дейін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаға түзетулер пакетін қабылдау қажет. Президент сапалы жаңа ұлттық индустрияны дамыту үшін жаңғыртылған заңнамалық негіз қажет екенін баса айтты. Бұл жерде жыл соңына дейін əзірленуі тиіс «Өнеркəсіптік саясат туралы» заң өте маңызды, бұл заң өңдеуші өнеркəсіпті дамытудың қағидаттарын, мақсаттары мен мін дет терін белгілейтін болады. Біріншіден, Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігі жəне Жоғары реформалар кеңесінің құрылуымен мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды ұлттық статистикамен қоса енді Президенттің өзі тікелей бақылайды. Нақты нəтижеге бағдарланған ұлттық жобаларға мəн берілмек. Бұл тұста жобалық менеджментке назар аударғым келеді. Біздегі мемлекеттік жүйедегі ең сыналатын мəселе – кадр саясаты жəне нəтижеге жауаптының болмауы. Осы ретте мемлекеттік аппарат жəне квазимемлекеттік сектор қызметкерлері саны алдағы жыл соңына дейін 25% қысқармақ. Сол мақсатта дербес бюджеттік жоспарлау жəне меморгандарды реттеудің заңдық шаралары жетілдіріледі. Екіншіден, «Жаңа экономикалық бағыт» аясында əртарапты, технологиялық экономика құру жоспары жарияланды. Сонымен қатар отандық өнімдерді жəне шетелдік инвесторларды қорғау, бизнеске салықтық жеңілдіктер, көлеңкелі экономикамен күрес шаралары қарастырылған. Жолдауда индустрияландыруға көп мəн берілген: қайта өңдеу, инвестициялар, ауыл шаруашылығы, мемлекетті институционалды реформаларды жаңа жағдайда жалғастыру мақсатында əбден ойластырылып əзірленген. Мақсат айқын – экономикадағы мемлекеттің монополиялық рөлін азайту. Үшіншіден, білім саласындағы белсенді азаматтардың ұсыныстары: «үздіксіз даму концепциясы», бейресми «балама білім беру», сертификаттау, «цифрлық теңсіздік» мəселелері Жолдауда орынды қамтылған. Президент  2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдады. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді. Төртіншіден, «алдағы реформалар қоғамды мемлекет басқаруға қатыстыруға бағытталады». «Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары», «Қоғамдық бақылау туралы» заң қабылдау, құқық қорғау жүйесін реформалау, қоғамдық кеңестерді күшейту, ауыл əкімдерін сайлау, мəслихаттар ашықтығы, онлайн-петиция беру механизмі, ІІМ, соттар мен прокуратура қызметін модернизациялау, адам құқықтарын қорғау сияқты ірі өзгерістер болады. Бесіншіден, аймақ тағы логистикалық бəсекелестікке назар аударылды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін тағы бір рет еске салды. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығына да ерекше мән берген жөн. Қосымша құн қалыптастырудың өзегі саналатын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс. Президент жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған абзалдығын айтты. Жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Оларды өңірлік азық-түлік хабтарын құруға жұмылдыру керек. Сонымен қатар мемлекет басшысы Үкіметке шикізаттық емес орта кәсіпорындарға арналған экспорттық акселерация бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Бұл идеядан нәтижеге дейін мақсатты түрде қолдау көрсету үшін қажет. Президент мемлекеттің негізгі міндеттеріне тоқталды:
  • әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету;
  • миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру;
  • еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту;
  • агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру.
Қасым-Жомарт Кемелулы 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болатынын айтты. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек, деді. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі, деп қадап айтты ол. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Мемлекет басшысы осы  көзқарасты  бүгінгі күні өте маңызды екенін еске салды және алты принипын атады.
  • Біріншіден, жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн.
  • Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет.
  • Үшіншіден, кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс.
  • Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек.
  • Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік – әсіресе, ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет.
  • Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз.
Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек. Ысырапшылдық пен даңғазалық қоғамның да, адамның да абыройын төгеді. Жауапсыздық, немқұрайлылық бүкіл елді қасіретке ұшыратады. Ал, бос сөзділік пен бөспелік, мақтаншақтық қоғамның дамуын тежейді. Бұл туралы ұлы Абай «Өңкей жалған мақтанмен, шынның бетін бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгінгі күні де өзекті болып отыр. Биік мұратқа жетелейтін еңбек деген ұлы ұғымды әр азаматтың санасына сіңіргеніміз жөн. Біздің елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек. Қорыта айтқанда, Президент атап көрсеткендей, «бұл  реформалардың бастамасы». Жолдауда Үкіметке елді дағдарыстан шығаратын басқа да тапсырмалар берілді.