Ауыл экономикасын дамытудың бірінші қарқыны – Ақылбек Күрішбаев

Ауыл экономикасын дамытудың бірінші қарқыны – Ақылбек Күрішбаев

Ауыл экономикасын дамытудың бірінші қарқыны – Ақылбек Күрішбаев
ашық дереккөзі
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты: – Бүгін Мемлекет басшысы ауылшаруашылығы саласы туралы көп айтты. Шынында да кооператив құрылып, қосалқы шаруашылықты дамыту мәселесі аса маңызды. Қосалқы шаруашылықты алып қарасақ, елді мекеннің жағдайында бізде 70 пайыз мал сонда тұр. Бірақ, бізде 188 миллион гектар жайылымдық жері бар. Қазақстан жайылым жері бойынша бесінші орында тұр. Сол малды қамтамасыз ете алмай отырмыз, бұл шынынында ыңғайсыз нәрсе. Егер де сол малды жинап, кооперация құрып, жайылымдар мен шабындық жерлерді беретін болсақ, біздің малдың, еттің, сүттің көлемі 30 пайызға өседі. Бұл мемлекеттің дайын биологиялық активі, біз оны қорғауымыз керек. Егер де бұл мәселе шешілетін болса, онда ауылдың экологиялық мәселесі шешіледі. Бұл ауылға деген экономикалық дамудың бірінші қарқыны деуге болады. Сондықтан біз осы мәселені қолға алуымыз керек.