Президент министрліктегі жауапты хатшыларды қысқартуды тапсырды

Президент министрліктегі жауапты хатшыларды қысқартуды тапсырды

Президент министрліктегі жауапты хатшыларды қысқартуды тапсырды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында министрліктердегі жауапты хатшылар қысқартылатыны туралы айтты.  «Жауапты хатшылар институтына тоқталғым келеді. Осы институтты енгізген кезде олардың ауыспалы болмауы министрлерді әкімшілік-кадрлық жұмыстан босатады, аппараттың тұрақтылығын қамтамасыз етеді деп қарастырылған, іс жүзінде олай болмады», – деді ол. Президент, сондай-ақ, министрлер мен жауапты хатшылар арасында өзара түсініспеушілік жиі орын алатынын атап өтті. «Нәтижесінде, ортақ іске нұқсан келеді. Сұрау бір адамнан болуы керек, яғни Президент тағайындаған министр жауапты. Сондықтан жауапты хатшылар институтын қысқарту керек. Олардың міндеті министрліктердің аппарат басшыларына жүктеледі. Бұл ұсынысты жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға жыл соңына дейін түзетулер пакетін қабылдауды тапсырамын», – деді Қ.Тоқаев.