Мемлекет басшысы Білім күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Білім күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Білім күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушыларын Білім күнімен құттықтады. «Мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр. Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін», – деп жазды Президент Twitter парақшасында. Оның айтуынша, пандемия мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді. «Бірақ бұл – уақытша құбылыс. Үкіметке балалар мен жастар арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеу тапсырылды», – деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.