Интернеті жоқ мұғалімдер мектепке келіп сабақ өткізе алады

Интернеті жоқ мұғалімдер мектепке келіп сабақ өткізе алады

Интернеті жоқ мұғалімдер мектепке келіп сабақ өткізе алады
ашық дереккөзі
Алматы қалалық Білім басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді. Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқу форматында білім алады. Сондықтан оқушыларды техникамен қамтуға көңіл бөлінуде. «Бұл мәселені шешу үшін мектептер жан басына қаржыландыру есебінен 9 120 ноутбукпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, мектептердегі 10 мың ноутбук уақытша пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен – 11 042, Үкіметтің резерв қоры есебінен 38 591 компьютер техникасы алынды. Оның ішінде 4 016 – компьютер, 5 203 – планшет және 29 372 ноутбук бар. 22 212 планшет жергілікті бюджет есебінен алынды», – деп атап өтті Ләззат Жылқыбаева. Сонымен қатар, ол оқушылар мен мұғалімдердің интернетке қолжетімділігін шешу кезең-кезеңімен атқарылып жатқанын жеткізді. «Интернетке қосылуды қажет ететін 22 мыңнан астам оқушыға сим карталар сатып алынды. Қазіргі таңда сим карталар мен роутерлер таратылды. Интернеті жоқ мұғалімдерге мектепке келіп онлайн сабақ өткізуге рұқсат берілді. Осыған байланысты қаладағы мектептердің барлығы дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілді. Одан бөлек 1-2 сыныптарда 193 кезекші топтар ашылды. Бұл топтарда 1977 бала сабақ оқиды», – деді ол.