Рүстем Әлқожа: Праймериз көшбасшы азаматтарды іріктеп шығарады

Рүстем Әлқожа: Праймериз көшбасшы азаматтарды іріктеп шығарады

Рүстем Әлқожа: Праймериз көшбасшы азаматтарды іріктеп шығарады
ашық дереккөзі
981
Праймеризге қатысуға ниеттілердің саны күннен-күнге еселену үстінде. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтардың көптігі көңіл қуантады. Жастардың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы бағытында жұмыс атқарып жүрген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры Рүстем Әлқожа да партияішілік іріктеуге қатыспақ. – Әлемді жаулаған пандемия біздің елге де үлкен сынақ болғаны белгілі. Еліміздің бірнеше саласында осал тұстарымыздың бар екенін көрсетті. Соған қарамастан мемлекет, үкімет басшылары дер кезінде шешім қабылдады деген ойдамын. Сондай шешімдердің бірі – «Nur Otan» партиясының қайта жаңғырту бағдарламасы деп айта аламын. Демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, праймериз әрбір ел азаматының қоғамдық және саяси өмірге бақылаушы болуына ғана  емес, тікелей араласуына мүмкіндік беретініне кәміл сенемін. Осы мақсатта мен өз қабілетімді көрсету үшін праймеризге қатысамын. Мен өзім 10 жылдан астам уақыт білім саласында тікелей студент-жастармен қызмет атқарып келемін. Қызмет барысында студент-жастардың қалыптасуы мен үлкен қоғамға бейімделуі, бәсекеге қабілетті болуы, олардың әлеуметтік-азаматтық, тұрмыс-тіршілігінің дамуы жолында әрқашан өз үлесімді қосқым келеді. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына қатысты да бірқатар жобалар ұсынбақпын. Алдағы уақытта бұл мәселелерді тек университет көлемінде емес, халықтың және жастардың әл-ауқатын жақсарту мен қоғамда әлеуметтік әділдік орнатуға өз септігімді тигізіп, үлесімді қоссам деген жоспарым бар. Жобаларды әзірлеу үстіндемін. Алдағы 2-3 күнде жариялайтын боламын. Праймериз, біріншіден «Nur Otan» партиясының ашықтығын көрсетеді. Сонымен қатар қоғамда жоғары сенімі мен қолдауы бар, елдің мәселесін нақты білетін көшбасшы азаматтарды іріктеп шығарады деп ойлаймын. «Nur Otan» партиясының саясатының арқасында мықты, бастамашыл азаматтар өз қолдауын табады деген сенімдемін. Сайлаудың әділ және ашық өтетініне толықтай сенемін. Праймериз нәтижесі бойынша еліне, халқына адал қызмет ететін азаматтардың нақты тізімі анықталатынына ешбір күмәнім жоқ. Әрбір үміткерге сәттілік тілеймін.

Серіктес жаңалықтары