Шеткі ауыл көшсе, ортаңғы ауыл шет болады

Сондай-ақ!

«Біртіндеп ұмытыла бастады». Нұрсұлтан Назарбаев видеоүндеу жариялады

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру мәселелері жөніндегі халықаралық онлайн-конференцияға қатысушыларға арнаған видеоүндеуі жарияланды, - деп хабарлайды turkystan.kz сайты Tengrinews.kz...

Саясат Нұрбек өзін сынаған блогерді киллерге теңеді

BTS Education компаниясының басшысы, қоғам белсендісі Саясат Нұрбек Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін айыптаған блогер Гүлбану Әбенованы ақпараттық киллер деп атады. «Мен жала жапқан...

Жазасын өтеп жатқан орыс баласы домбыра тартуды үйренген

Елімізде өзге ұлт өкілдерінің домбырамен күй тартып, домбыраға қосылып қазақтың әнін шырқауы бүгінде соншалықты таңсық нәрсе емес, бірақ темір тордың аржағында отырып домбыра үйренуге...

«Басшы клиентпен бірге бір дәретханаға баруы тиіс» Министр қатаң тапсырма берді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ХҚКО-ға аяқасты тексеріс ұйымдастырып, ондағы кемшіліктерді қатаң сынға алды деп хабарлайды turkystan.kz сайты. Бұл туралы министрі...

Бүгінде барлық саланы «жасарту», яғни әр салаға жас мамандарды жұмылдыру қар­қынды түрде іске асып, игі үрдіске айналғаны рас. Әсіресе, мемлекеттік қыз­мет­шілердің, партия қатарын жаңашыл жастармен толықтыру, мәслихат пен парламент­ке жастарды тарту қоғам­ның әлеуметтік сұранысы, заман талабы де­сек болады.

Қазіргі уақытта біз мемлекеттің дамуы үшін жаңа, тың идеялар мен көзқарастар жоқ де­генді жиі айтамыз. Сондықтан билік инс­титут­тарына, әсіресе заң шығарушы ор­ган­дар­ға жастар ауадай қажет-ақ. Күн сайын қарыш­тап дамыған әлемнің бір кірпіші болып қалану үшін жаңа, прогрессивті нарықтық сананың, тех­нократтық ойлау мен жаңашыл болмыстың ке­рек екені айтпасақ та түсінікті. Бір жағынан жастардың жауапты қызмет атқа­рып, қоғам­да­ғы мәселелерге араласуы ұрпа­қаралық ва­куум­ның пайда болмауына да сеп­тігін тигізе­тіні анық.

Заң шығарушы органдардағы жастардың үлесі қандай?

2016 жылғы 20 наурызда Мәжіліске кезектен тыс сайлау өткізілді. VI сайланған Мәжіліс депу­таттарының орташа жасы – 55 жас. 40 жас­қа дейін – 7 депутат, 40-тан 60-қа дейін – 77 депутат, 60 жастан асқан 23 депутат бар. Ал мәслихаттарда 2020 жылдың 1 қаң­тарын­да 3 335 орын болса, олардың ішінде 20-29 жас аралығындағы 53 жас қана бар екен. Жа­қында сайланған Сенат депутаттарының орташа жасы – 56 жас.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың мамыр айында «Саяси пар­­тиялар туралы» Қазақстан заңына өзгеріс пен то­лық­тырулар енгізу тура­лы» заңға қол қойды. «Бұл заң қоғамдық-сая­си қа­ты­настардың де­мо­кра­тия­лық жолмен одан әрі дамуына ықпал етеді деп ойлаймын»,  – деді Президент Ұлттық сенім кеңесі отырысында. Жаңа заңға сәйкес енді  Парламенттегі де­путат­тар санына келсек, 30 пайыздан 100 пайыз­ға дейін әйелдер мен жас­тар болады. 30 пайыз ең төменгі көрсеткіш бо­лып белгіленді, бұдан да көп болуына еш­қан­дай кедергі-тосқауыл жоқ екені де көп ай­тылды.

– Бұл заңдардың жобасы қаралған кезде Мә­жілістің жұмыс тобына мен өзім де қа­тыс­тым. Талқылап, жан-жақты қарастырып, осы 30% болу керек деген тоқтамға келдік. Бұл – ең төменгі көрсеткіш. Одан әрі жоғары болатын болса, оған ешкім шектеу қоймайды. Егер саяси партиялардың тізімінде әйелдер мен жас­тардың үлесі 40, 50, 70 пайыз болса, оған еш­кім шектеу қоймайды деген ұсынысқа тоқ­талдық. Сол қабылданды, – дейді «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың праймериз кезінде сапалы сайлауалды партиялық тізімдерді жастар үшін 20 пайыздық квотаны енгізу арқылы қалыптастыру жөніндегі ұсы­нысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың құрамы 300 адамнан тұратын Жастар кадрлық ре­зервін қалыптастыру туралы шешімін ту­дырған болатын. Олардың мемлекеттік қыз­мет­тің барлық сатысында жұмыс істеуге мүм­кіндіктері бар. Бұл қатарға қосылғысы кел­ген жастардың қатары қалың болды. Бай­қаудың әділ өткенін, кейбір атақты кәсіп­кер­лер мен белгілі саясаткерлердің балалары өт­пей қалғанын ақпарат құралдары жарыса жаз­ды.

Көптеген елде өз жемісін берген жоба біз­де де жақсы нәтиже беретініне, осыдан санау­лы күндер бұрын басталған праймериз, пар­тияі­шілік іріктеу де жастар үшін көптеген мүм­кіндікке жол ашатынына зор үміт артылып отыр. Үміттің ақталуы, әрине уақыт енші­сінде.

Жас келсе, іске…

Квоталау саясаты, негізінен айтарлықтай кең таралған халықаралық тәжірибе саналады. Арнайы партиялық квоталар Еуропа елде­рінде жиі қолданылады, атап айтсақ Гер­мания­да, Норвегияда, Францияда және Бель­гияда жиі кездеседі. Аталған нормалар заңмен бекітіледі.

Жоғарыда атап өткеніміздей, жастардың билікке келуі әлемдік тенденцияға айналғалы қашан. Мәселен, Италияда XVIII легислатура де­путаттарының палатасына сайланған пар­ламентшілердің орташа жасы 44 жас екен, бұл жақта өмір сүру ұзақтығы да жоғары екенін атап өткен жөн.

Жастардың жауапты әрі маңызды қыз­мет­терді атқаруы осы заманда ғана үрдіске енбегенін тарихтан білеміз. Қаншама хандарымыз, батырларымыз бен билеріміз жиырмаға жет­пей-ақ жасындай жарқылдаған. Әлем тарихы мен әдебиетінде де мысалдар жетерлік. Сон­дықтан жастардың тәжірибиесіздігін алға тар­ту арқылы ғана жауапты жұмыстардан шек­теуге болмайтыны анық.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Екі адам тірідей өртеніп кетті» Шығыста 70 шаршы метрді шарпыған өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысында егде жастағы ер адам мен әйел өз үйінде өрттен...

Талдықорғандағы жарылыс: 14 жастағы бала көз жұмды

Талдықорғанда газ баллон жарылысынан зардап шеккен 14 жастағы бала қайтыс болды. Оның...

«Біртіндеп ұмытыла бастады». Нұрсұлтан Назарбаев видеоүндеу жариялады

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру мәселелері жөніндегі...

«Наполидің» стадионы Марадонаның есімімен аталатын болды

Неаполь мэрі Луиджи де Маджистрис «Наполи» клубының Сан-Паоло стадионына команданың бұрынғы ойыншысы,...

Саясат Нұрбек өзін сынаған блогерді киллерге теңеді

BTS Education компаниясының басшысы, қоғам белсендісі Саясат Нұрбек Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...