Атажұрттан жеткен ән шашу

Сондай-ақ!

Қандас (Оралман) мәртебесін беру немесе ұзартудың оңай жолдары

Бұрынғы «оралман куәлгі» заң жүзінде атауы әлі өзгерген жоқ. Алайда Қоші-қон заңына өзгертулер мен толтқырулар еңізілген соң, бұл мәртебенің атауы өзгертілетіні айтылған. Қазір қандас мәртебесін...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақстандық режиссердің туындысы халықаралық фестивальде жеңіске жетті

Катарда қазақстандық Алина Мұстафинаның деректі фильмі Ajyal Film Festival жүлдесін жеңіп алды.Бұл туралы кинофестивальдің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды. А. Мұстафинаның «Андер» фильмі фестивальдің...

Нобель сыйлығына үміткер әйгілі қазақ ғалымы жайлы не білеміз?

Әйгілі химик Хабибулла Оспанов – Қазақстан тарихында әлемдік деңгейде төрт жаңалық ашқан ғалым. Ол – 2011 жылы химия бойынша Нобель сыйлығына және АҚШ-та (Майами)...

Таяуда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен  шетел­дегі қандастарға арналған «Ұлы дала елі­нен» деген онлайн концерт өтті. Айтулы шараны Дүниежүзі қазақ­тары­ның қауымдастығы, «Отандастар қоры» жә­не «Қазақконцерт» ұйымы бірлесіп ұйым­дастырды.

Өнерімен талайы тамсандырған TURAN этно-фольклорлық ансамблінің бұл жолғы онлайн концертін де көрермен қауым жо­ғары бағалады. Өнерпаздар халық ұлттық му­зыкалық мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бас­таған төл аспаптардың сүйемелдеуімен өз­дерінің үздік туындыларын тыңдарманға ұсын­ды. Көненің көзіндей сақталған дәстүр­лі әуендерді заманауи жаңа форматта қайта жаң­ғыртты. Өнер әлемінің табалдырығын ат­таған 12 жыл ішінде әлемнің 70 еліне гастро­льдік сапарға шығып, 600-ден астам же­ке концерт берген. Ұлт мәдениетінің да­муына зор үлес қосып жүрген ансамбл мү­ше­лері Серік Нұрмолдаев, Мақсат Ме­деу­бек, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Жанту Дадабаев сынды таланттарымызды айрықша атап өтуге болады.

– Әлемнің 44 мемлекетінде біздің қандас бауыр­ларымыз тұрады. «Ұлы дала елінен» деген концерт шеттегі ағайынды қолдауға ар­­налады. Басты мақсатымыз – әлемді дүр­ліктірген індет кезінде шетелде тұрып жат­қан барша қандастарымызға медеу болып, рухани тұрғыда демеу беру, сондай-ақ қазақ тілін меңгеру және салт-дәстүрімізді дамыту.

Жұқпалы індетке байланысты бірқатар жо­баға түзетулер енгіздік. Бұл – үлкен жоба­мыз­дың алғашқысы. Жоспарымызда тағы осын­дай екі концерт ұйымдастыру бар, –  дей­ді «Отандастар қорының» вице-прези­ден­ті Мағауия Сарбасов.

Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген өнер­паз­дар концерті шетелдегі қазақ диаспорасын қол­дауға, қандастармен мәдени және рухани бай­ланысты нығайту мақсатында өткізіледі.

– Сіздерге өзіміздің өнерімізді паш ет­келі отырғанымызға қуаныштымыз! Көңі­лі­міз толқып, қуанып отырмыз. TURAN этно-фольклорлық ансамблі 2008 жылы құрылған. Ол кезде топ мүшелері жап-жас консерва­то­рия студенті едік. Одан бері міне 12 жыл өтті, біраз жетістікке жеттік. Өнеріміздің ар­қа­сында әлемнің біршама жеріне бардық. Қа­зақтың ұлттық аспаптарын барған жерімізде кеңінен таныстырдық. Басты мақсатымыз – ұлттық өнерімізді насихаттау, –  дейді TURAN этно-фольклорлық ансамблінің мү­ше­сі Мақсат Медеубек.

Шетелде тұрып жатқанымен, қандастар Қазақстандағы жағымды жаңалықтарды қалт жібермей бақылап, қуанышымызбен бөліседі. Алыстағы ағайын атажұрттан әуе­леп жеткен музыкалық сәлемді қабыл алып, жы­лы лебіздерін жеткізді.

Гаухар ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ (Иран):

– «Отандастар қоры» он­лайн концерт бо­лады» деп хабарлағанда ата­жұрт­тан жет­кен жаңа­лық­­ты асыға күткен жайымыз бар. Та­ным­дық мәні зор, санадағы образдарды қай­та жаңғыртып, рух берген концерт бол­ды. Бұл топ шет елдерде «Қазақ елінікі» деп мақ­танып, таныстыруға лайықты музыкалық туын­дылар ұсынып жатқанына қуаныш­ты­мын. Орындаушылар мен ұйымдастыру­шы­лар­ға мың да бір алғыс!

Шабан Серкан ДИНЧТҮРК (Түркия):

– «Отандастар қоры», Дү­ниежүзі қазақ­тары­ның қауымдастығы,  «Қа­зақ­концерт» ұйы­мы қан­дастарымыз үшін тамаша бір кон­церттік жобаны ұсынды. Жүрегімізге жі­гер, жанымызға рух берген ұлттық аспап­тары­мыздан орындалған музыкалық тар­туды зор ықыласпен қабыл алдық. Жүрегіміз тебіреніп, көңіліміз босап онлайн өткен концертті тамашаладық. Қандастар атынан ұйым­дастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Осындай шаралар жиі ұйым­дас­тырылып тұрса деген тілегімді жеткізгім ке­леді.

Торғын ТӘШЕНОВА (Ресей):

– Қазіргі уақытта ұмыт бола бастаған ұлт­тық аспаптарымыздан сан түрлі әуен­дер шер­тілді. Шеттегі қандастарға осындай ұлт­­тық дәстүрімізге тән рухани шараларды көп­­теп ұйымдастырса дегім келеді. Себебі ата­жұрттағы бауырларымыз бізге арнап өткізген кез келген шара қуаныш сыйлай­ды. Онлайн өткізілген концертті көре алмаған қандастарымыз қордың Youtube желісіндегі Otandastar channel каналынан көре алады.

 

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....

Дәмханадағы жарылыстан тағы бір адам қайтыс болды

Елордалық кафелердің бірінде газ баллонының жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны екіге жетті....
Сара Назарбаева

Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге шақырды

"Бөбек" қорының негізін қалаушы және президенті Сара Назарбаева қазақстандықтарды ар-ожданмен өмір сүруге...

БАӘ-ден ұшып келген қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды

23 қарашада Қазақстан аумағына Түркия, Беларусь, БАӘ, РФ және Германиядан 10 ұшақ...

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп карантинге жабылды

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақбұлақ ауылының орта мектебі карантинге жабылды. Аталған мектепте...

Ресейде антисептиктен уланып, қайтыс болғандар саны өсіп келеді

Ресейдің Свердлов облысында дайындалған антисептиктен уланған тағы бір Ресей азаматы қайтыс болды. Бұған...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...