Алматыда 40 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын бастау үшін өтініш берді

Алматыда 40 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын бастау үшін өтініш берді

Алматыда 40 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын бастау үшін өтініш берді
ашық дереккөзі
Мегополисте 40 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын бастау үшін infokazakhstan.kz сайтына өтініш берді, – деп хабарлады «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі. 26 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында жұмысын қайта жандандыруға 43 849 өтініш берілді. «Олардың ішінде кеңсе қызметі – 8403, өндірістік кәсіпорындар – 1184, бизнес орталықты жалға алушылар – 3368, базарда орын жалдаушылар – 3785, сауда ойын-сауық орталықтары – 6087», – делінген хабарламада. Еске салайық, ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет.