ПТР-тестті кімдер тегін тапсыра алады?

ПТР-тестті кімдер тегін тапсыра алады?

ПТР-тестті кімдер тегін тапсыра алады?
ашық дереккөзі
«Жас Қанат» бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының» дәрігері Меруерт Көшенова онлайн брифинг барысында Алматы емханаларында ПТР-тестті кімдердің тегін тапсыра алатынын айтты. «Емханалардағы ПТР тестілеу дәрігердің нұсқауларына сәйкес тегін жүргізіледі. Бұл жүкті әйелдер, яғни ауруханаға жатар алдында жүктіліктің 37-39 аптасында тапсырады. Сонымен қатар, жіті респираторлық вирустық инфекция, пневмония және коронавирусқа күдікті науқастар тегін тест тапсыра алады», – дейді Меруерт Көшенова. Сонымен қатар, ол жоспарлы немесе шұғыл ауруханаға жатқызылған адамдар үшін ПТР тест тегін екенін атап өтті.