Польшада «Димаш» радиосы ашылды

Польшада «Димаш» радиосы ашылды

Польшада «Димаш» радиосы ашылды
ашық дереккөзі
Әлемге танымал қазақстандық әншінің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. «Бүгіннен бастап RadioDimash.pl ресми түрде жұмысын бастайтынын қуана хабарлаймыз. Бұл ресми түрде тіркелген хабар тарату станциясы, ол жерде қойылатын әндердің авторы мен орындаушыларына қаламақы төленеді. RadioDimash.pl-дің мақсаты – Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттау», – делінген Facebook-тегі «Dimash Kudaibergen Fan Club Poland» деп аталатын Димаштың фан-клуб парақшасында. RadioDimash.pl -дің хабар тарату студиясы бар. Ол жерде қандай бағдарлама болатыны жоспарланып, кесте құрылады. Сондай-ақ онлайн хабар тарататын және бағдарлама шығаратын студиясы бар. Радио тақырыптық музыкалар, репортаж, сұхбат, туризм бағытындағы бағдарлама, балалар мен ересектерге арналған авторлық бағдарламалар ұсынады деп жоспарлануда. «Негізінде Димаштың әндері көбірек қойылады. Бірақ Димаштың бағытына жақын польшалық және шетел әншілеріне де орын табылады. Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын. Біз Димаштың концерті Польшада да өткенін армандаймыз», – деп жазылған фан-клуб парақшасында.