«Қазгидромет» еліміздің жеті өңірінде ескерту жариялады

«Қазгидромет» еліміздің жеті өңірінде ескерту жариялады

«Қазгидромет» еліміздің жеті өңірінде ескерту жариялады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 23 тамыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады. Қарағанды облысында түнде кей жерлерінде найзағай болжанады. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарды тұман басады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман болжанады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с құрайды.