Автожолдарға жауапты 97 лауазымды тұлға жазаланды

Автожолдарға жауапты 97 лауазымды тұлға жазаланды

Автожолдарға жауапты 97 лауазымды тұлға жазаланды
ашық дереккөзі
Қостанайда автожолдарды тиісті дәрежеде ұстамағаны үшін 97 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 2020 жылдың 7 айында облыстық Полиция департаментіне қарасты жол-техникалық инспекциясының мамандары 12 мың шақырымнан астам автожолда 903 тексеру жүргізген. Оның қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін 1014 ұйғарым шығарылды. Облыстық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревскийдің айтуынша, жол-көлік оқиғаларын азайту және жолдарда төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тұрақты негізде тексеру ұйымдастырылады. «Автомобиль жолдарын қанағаттанарлық жағдайда ұстамағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 97 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, 2639 100 теңге сомасына айыппұл салынды. «ҚазАвтоЖол» АҚ Қостанай облыстық филиалы, «Қазақавтожол» ЖШС Қостанай облыстық филиалы және Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерімен бірлесіп, облысы аумағы арқылы өтетін автомобиль жолдарын кешенді тексеру жоспарлануда. Жыл басынан бері облыс аумағында 157 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 23 адам қаза тауып, 214 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Сол себепті жолдың сапасы адам қауіпсіздігі үшін де маңызды», – дейді Андрей Григоревский. Жалпы, Қостанай облысындағы автожолдардың ұзындығы – 11220 шақырым. Оның ішінде 1408 шақырым республикалық дәрежеге ие.