Қазақстан шахматшылары АҚШ командасын жеңді

Қазақстан шахматшылары АҚШ командасын жеңді

Қазақстан шахматшылары АҚШ командасын жеңді
ашық дереккөзі
Қазақстан шахматшыларының біріккен құрамасы АҚШ спортшыларын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының ресми сайты. «Қазақстан шахмат федерациясы біздің шахматшыларымыз бен әуесқойларымызды Қазақстанның біріккен құрамасының chess.com ойын платформасында өткен «Nations League 2020» (Ұлттар лигасы 2020) командалық онлайн жарыста тамаша өнер көрсетуімен құттықтаймыз. Қазақстандық команданың АҚШ шахматшыларымен соңғы матчы өтіп, біздің спортшыларымыздың 2:0 есебімен ұтты. Қазақстан осы жеңісімен Nations League 2020 жарысында екінші орынға тұрақтады, делінген хабарламада. Қазақстандық шахматшылар алты апта бойы виртуалдық шахмат тақтасында АҚШ, Англия, Польша, Румыния, Грекия, Аргентина және Бразилиядағы қарсыластарымен кездесті. Кездесудің жалпы қорытындысы: бес жеңіс, бір тең ойын және бір рет жеңіліс. Халықаралық онлайн жарыстың барысында Қазақстан құрамасы үшін ойындарға еліміздің көптеген мықты шахматшылары, халықаралық гроссмейстерлер мен шеберлер қатысты, олардың арасында ұлттық құрама мүшелері Р.Хуснутдинов, Ә.Исмағамбетов, Д.Махнев, Р.Жалмаханов, Г.Дәулетова, Ә.Серікбай, Н.Нұрғали және тағы басқалары болды. «Команданың жеңісі республикада жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтілетін Спорт күніне қарсы тамаша сыйлық болды», – делінген хабарламада.