Елорда оқушыларына 40 мың теңгеден беріледі

Елорда оқушыларына 40 мың теңгеден беріледі

Елорда оқушыларына 40 мың теңгеден беріледі
ашық дереккөзі
223

Нұр-Сұлтанда аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден беріледі.

Қала әкімі Алтай Көлгінов "Астана" арнасына берген сұхбатында елордада 17 мың балаға көмек көрсетілетінін айтты. Былтыр мектеп құралдарын сатып алуға әрбір оқушыға бөлінген сома 30 мың теңге болған. Биыл осы көмек 40 мың теңгеге дейін көбейіп отыр.

"Егер отбасында 3-4 баладан болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Оған бюджеттен 680 миллион теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларға басқа да әлеуметтік көмек көрсетіледі", - деді Көлгінов.

Серіктес жаңалықтары