Нұр-Сұлтанда карантин ұзартыла ма?

Нұр-Сұлтанда карантин ұзартыла ма?

Нұр-Сұлтанда карантин ұзартыла ма?
ашық дереккөзі
Елордада карантин ұзартыла ма? Бұл сұраққа қала әкімі Алтай Көлгінов «Astana» телеарнасына берген сұхбатында жауап берді.  «Барлығы эпидемиологиялық ахуалға байланысты. Бүгінде эпидемиологиялық жағдай едәуір жақсарып қалды, динамика оңтайлы дәрежеде. Бұған дер кезінде қабылданған шаралар, яғни карантиндік шаралар мен біздің дәрігерлердің күш-жігері ықпал етті. Енді карантиннен кейінгі кезеңге дайындалып жатырмыз. Осы аптада Үкіметте ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін жариялайды», - деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында. Еске сала кетейік, бұған дейін Алтай Көлгінов қала стационарларында пневмониямен ауыратын науқастардың саны 6 есе азайғанын айтқан болатын. Пандемия басталғалы елордада 13348 адам коронавирус жұқтырды. Науқастардың 10 мыңнан астамы емделіп шықса, 267-сі көз жұмды.