Өзбекстанда ЖОО-ға түсу емтиханы спорт алаңдарында өтеді

Өзбекстанда ЖОО-ға түсу емтиханы спорт алаңдарында өтеді

Өзбекстанда ЖОО-ға түсу емтиханы спорт алаңдарында өтеді
ашық дереккөзі
Өзбекстанда мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін емтиханды ашық аспан астында тапсырады. Бұған университеттер ғимаратының эпиедмиологиялық талаптарға сай келмеуі себеп. Бұл туралы мемлекет басшысы Ш.Мирзиёевтің төрағалығымен өткен 2020/2021 оқу жылына дайындық жайлы жиында хабарланды.  Тестілеу 2 қыркүйекте басталып, екі аптаға созылады. Талапкерлер сынақты спорт алаңдарында тапсырады. Жергіліктік билік 40 стадионды тестілеу өткізуге дайындайды. Спорт алаңдарына арнайы шатырлар орнатылып, дәрігерлер мен ата-аналар жайғасатын орындар әзірленеді. Сынақтың талапқа сай өтуін әрі санитарлық ережелердің орындалуын бақылау үшін стадиондарда бейнебақылау камералары орнатылады. Тестілеу барысын телеарналар тікелей эфирде көрсетеді. Тестілеу алдында талапкерлердің дене қызуы өлшенеді. Сырқаттанып тұрғандар медициналық тексерістен өтеді. Егер талапкерден COVID-19 анықталмаса, ол сынақты өзгелерден бөлек тапсырады. Ал сынамасынан індет анықталса, емтиханға жіберілмейді.