Алматыда үшқабатты ғимарат өртенді

Алматыда үшқабатты ғимарат өртенді

Алматыда үшқабатты ғимарат өртенді
ашық дереккөзі
Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда, 8 тамыз күні сағат 16:48-де 101 нөміріне Түрксіб ауданының Жансүгіров көшесіндегі 311 үйде болған өрттің куәгерлерінен көптеген қоңырау келіп түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің техникалары мен жеке құрамы оқиға орнына жөнелтілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде көпсалалы ғимарат өртеніп жатты. Ғимарат құлауға шақ қалған еді. Өртті сөндіруге жоғары вольтты тоқ сымдары кедергі келтірді. Өрт сағат 17:39-да ауыздықталып, 18:40-та толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге 34 адам мен 11 техниа жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ пен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.