Бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылады – министр

Бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылады – министр

Бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылады – министр
ашық дереккөзі
1977
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында: «Жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Елдегі санитарлық жағдайға байланысты 1 қыркүйектен бастап оқу жылы жалпы қашықтан оқыту форматында басталады. Қабылданған шешімге сәйкес, бұл жерде екі ерекшелік бар. Біріншіден, шалғайдағы елдімекендердегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлі түрде бастайды. Екіншіден, бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады», – деді министр. Бұл жағдайда оқушылар тек бір кабинетте бір мұғаліммен оқитын болады. Ал үзілістер әртүрлі уақытта болады. «Сыныптағы бала саны 15-тен аспайды. Кезекші сыныптарға өтініш электронды түрде қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылданады. Сонымен, алдын ала болжам бойынша интернет платформалар мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында 2,6 млн оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала, штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде», – деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары