"Пәтер алып беремін": Қызылорда тұрғынын алдап соққан алаяқ ұсталды

"Пәтер алып беремін": Қызылорда тұрғынын алдап соққан алаяқ ұсталды

"Пәтер алып беремін": Қызылорда тұрғынын алдап соққан алаяқ ұсталды
ашық дереккөзі
426
Қызылорда қаласының тұрғынын алдаған алаяқ жауапкершілікке тартылды,  деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда қаласының тұрғыны әкімшілікте жұмыс жасайтындығын айтып, көп қабатты үйлерден пәтер алып беремін деген желеумен өзінің танысының  жеке куәлігі мен банк картасын пайдаланып, оның атынан микрокредиттік мекемелерден жалпы 305 000 теңге  несие рәсімдеген. ​Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен “Алаяқтық” сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Күдікті азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндірген. Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға екі жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары