270
Бүгін еліміздің алты өңірінде аптап ыстық болады
Бүгін еліміздің алты өңірінде аптап ыстық болады
2 тамыз күні Қазақстанның алты облысында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Ақмола облысында 31-36 грдаус аптап ыстық болады.
Атырау облысында кей жерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жел соғады. Күндіз басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық, төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстік иен екпіні 15-18 м/с жел соғады. 34-36 градус аптап ыстық болады. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.
Батыс Қазақстан облысында кей жерде күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Оралда найзағай ойнайды, түнде оңтүстік-батыстан екпіні 18 м/с жел соғады. Дауылдың ықтималдығы – 85-90%.
Қостанай облысында 35-37 градус аптап ыстық күтіледі. Күндіз кей жерде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қостанайда 36 градус аптап ыстық болуы мүмкін. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.
Қызылорда облысында кей жерде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылдың ықтималдығы – 90-100%.
Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус аптап ыстық болады. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.