Ұлттық парктердегі заңбұзушылықты жою туралы жедел желі іске қосылды

Ұлттық парктердегі заңбұзушылықты жою туралы жедел желі іске қосылды

Ұлттық парктердегі заңбұзушылықты жою туралы жедел желі іске қосылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда енді кез келген азамат ұлттық парктегі жағымсыз әрекеттер, оның ішінде, ағашты заңсыз кесу, заңсыз балық, аң аулау, эко-бекеттерде түбіртек беруден бас тарту, парк қызметкерінің жұмысындағы олқылық және басқа да заңбұзушылықтар туралы фото және бейне ақпарат беру арқылы тікелей хабарлай алады. «Қазірдің өзінде бізге ұлттық парк жұмысына шағымданып, ескерту айтып жатқандар бар. Әрбір қоңырау бойынша тексеріс жүргізіліп, кемшілік түзетіледі. Мәселен, бір хабарлама бойынша жедел шара қабылданып, заңбұзушылық жойылды. Ұлттық парктердегі жағдайды бірге өзгертейік. Тек біріккенде озық нәтижелерге қол жеткізе аламыз», –деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жедел желісінің нөмірі: +7777 6785252. Жедел желі ватсабына жолданған хабарламада шағым айтушының аты-жөні, сондай-ақ, заңбұзушылық көрінісінің суреті немесе бейнетүсірілімі, ұлттық парктің атауы және орналасқан жері шамамен көрсетіледі. Осылайша, елдің әрбір тұрғыны еліміздің табиғатын қорғауға және оны сақтауға қатысып, тұрғындар арасында жоғары деңгейдегі туристік мәдениетті қалыптастыруға ықпал ете алады. Министрлік қарамағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктер тізімі: 1. Іле-Алатау МҰТП 2. «Көлсай көлдері» МҰТП 3. Шарын МҰТП 4. «Алтын-Емел» МҰТП 5. «Көкшетау» МҰТП 6. Баянауыл МҰТП 7. Қатон-Қарағай МҰТП 8. Сайрам-Өгем МҰТП 9. «Бұйратау» МҰТП 10. Қарқаралы МҰТП 11. Жоңғар-Алатауы МҰТП