Дауыл соғып, бұршақ жауады: Еліміздің 6 облысында ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласында және 6 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

27 шілдеде Ақмола облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Нұр-Сұлтан мен Көкшетау қалаларында найзағай соғады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз оңтүстікте 40 градус ыстық болады.

Павлодар облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды, желдің күші 18 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысында күн күркіреп, кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында жел күшейіп, өрт қаупі сақталады.

Back to top button