Алматыда түнде қонақтарды қабылдаған екі кафе анықталды (видео)

Карантин ережесін бұзған мекемелер Алматы қаласының Алмалы ауданында, Шевченко көшесінде орналасқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түннің бір уақытында, тексеру кезінде 30 адам “Веселидзе” кафесінде уақыттарын өткізген, ал, қабырғаның ар жағында орналасқан “Бакинский бульварында” 60-қа жуық демалушы анықталды.

Осы мекеме басшыларына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Шешім қабылдау үшін материалдар Алмалы ауданы бойынша УККБТУ-ге, юрисдикцияға сәйкес беріледі.

Back to top button