"Nur Otan" қызылордалық дәрігерлерге құрмет көрсетті

"Nur Otan" қызылордалық дәрігерлерге құрмет көрсетті

"Nur Otan" қызылордалық дәрігерлерге құрмет көрсетті
ашық дереккөзі
Короновирус инфекциясымен күресте алғы шепте ақ халатты абзал жандар жүр. Әрине, науқастың өмірін сақтау үшін өз денсаулығын қатерге тігіп күні-түні тынбай еңбек етіп жүрген дәрігерлер мен медбикелердің, басқа да медицина қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз.
Ақ халатты абзал жандардың еңбегі елеусіз емес. Бүгін Қызылордадағы № 3 қалалық емханада "Nur Otan" партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен партия мүшесі, «Абай Дәулет» ЖШС бас директоры Сарсенбаев Мұрат Әбенұлы, партия белсендісі, «БИАЛИ ЛТД» ЖШС директоры Асхат Шаукенбаев сынды кәсіпкерлердің демеушілігімен дәрігерлер мен медбикелердің иммунитетін көтеру үшін "Ағарған пакеті" табысталды.
Шара барысында "Nur Otan" партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов қауіпті індетпен жұдырықтай жұмыла күресіп жатқан ақ халатты абзал жандар бүгінгі күннің нағыз батырлары екенін тілге тиек етіп, алғысын айтты.
 width=
Арай БПҰ-ның төрағасы, №3 қалалық емхананың бас дәрігері Гулистан Максутова қауіпті індетпен күрес жұмыстарын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Және осындай қиын кезеңде дәрігерлерге қолдау білдіріп жатқан партия өкілдері мен кәсіпкерлерге алғысын білдірді.