«Nur Otan» партиясының елордалық «Бiрлiк» филиалы қызметкерлері мен қала белсенділері пандемия салдарынан қиын жағдайға тап болған жергілікті тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетті.
Үш көпбалалы отбасы мен мүмкіндігі шектеулі балаларға дәрі-дәрмек,қорғаныс құралдары салынған қорапшалар, тұрмыстық заттар толтырылған себепттер, сондай-ақ кеңсе тауарлары мен тәттілер табысталды.
«Аталған тауарларды сатып алуға қол ұшын берген барлық азаматтарға алғысымызды айтамыз», – деді «Бipлiк» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов.
Алдағы уақытта көмекке мұқтаж жандарға тағы 7 медициналық қорапша жеткізу жоспарланған.