42 500 теңге: 1,6 миллионға жуық адам әлеуметтік төлем алды

1,6 млн-ға жуық қазақстандыққа 42 500 теңге біржолғы төлем берілді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«24 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 661 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 594 мың қазақстандыққа аударылды», делінген хабарламад

а. МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 миллионнан астам өтінімнің ішінде:

– 801,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 499,4 мың адам Egov.kz порталы және Telegram-боттар арқылы;

– 226 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 494,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 801,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 137,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 82 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 1 млн 661 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 594 мың қазақстандыққа аударылды.

Айта кетерлігі, өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 

Back to top button