42 500 теңге: 889 мыңнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында: «21 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 1,5 млн мың өтініш қабылданды. Төлем 1 млн 121 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 889,5 мың қазақстандыққа аударылды», – делінді.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады.

1 миллион 509 мың өтінімнің ішінде:

  • 755,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
  • 363,7 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;
  • 109,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
  • 280,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы мен интернет ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

  • 755,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
  • 58,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
  • 695,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын тұлғалар).

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Back to top button