Елордада балабақшалар қашан ашылады

Елордада балабақшалар қашан ашылады

Елордада балабақшалар қашан ашылады
ашық дереккөзі
Елорданың Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елордада мектепке дейінгі білім мекемелерінің жұмысы қашан жанданатынын айтты.  «Бас санитар дәрігердің қаулысымен мектепке дейінгі білім ұйымдарының жұмысына шектеу қойылған болатын. Бұл ретте кезекші топтардың жұмыс режимі елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Яғни жұмыс режимі Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысымен айқындалады. Ата-аналарға мектепке дейінгі білім мекемелерінің жұмысындағы өзгерістер туралы қосымша хабарлаймыз», - деді Шолпан Қадырова. Еске сала кетейік, бұған дейін басқарма басшысы жаңа оқу жылында қала мектептеріндегі "кезекші сыныптардың" жұмысы қалай жүргізілетінін түсіндірген. Сондай-ақ, Шолпан Қадырова елорда мектептеріне қанша маман жетіспейтінін айтты.