1 миллионнан астам қазақстандыққа 5300 теңгеден төленеді

Сондай-ақ!

«Баласына елдің мүшкіл халін айтсын!» Зеленскийдің ата-анасымен бірге түскен фото қызу талқыға түсті

Бірнеше күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленскийдің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ата-анасымен бірге түскен фото әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.   Фото 26 қарашада В.Зеленскийдің Днепропетровск...

Түркістан әуежайы тексерістен өтті

Түркістан халықаралық әуежайы алғаш рет әуеайлақтың жарамдылық сертификатын алды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, тексеру кезінде әуежайдың техникалық базасы...

Назарбаев және Араб әлемі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне орай Әбу Дабиде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы кітаптың араб тіліндегі аудармасы жарық көрді. «Молодая гвардия» баспасында тұңғыш рет...

Әлия Назарбаева Facebook желісіне тіркелді

Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. «Бұл бағыты мен тақырыптары Instagram-нан бөлек алаң екенін түсінемін....

1 млн-нан астам қазақстандық азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін төлем алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін қаражат төлеуді көздейтін бұйрықты әзірлеп, қабылдады. Қазақстандықтар ағымдағы жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейін банк карталарына төлем ала бастайды», – делінген хабарламада.

Бұйрық күшіне енген кезде 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алушылар болады. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алуға тиісті адамдардың тізімін жасайды. Содан кейін шілде айына, яғни шектеу шараларының қолданылу кезеңінде алушыларға сомасы 2 АЕК мөлшерінде төлем жіберіледі.
5 әлеуметтік топқа:

– атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;

– мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;

– жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар жатады.

Бұған дейін хабарланғандай, коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында адамдардың тікелей байланысын болдырмау үшін азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар 2 АЕК-тен кем болмайтын мөлшерде алушылардың банк карталарына аударылған төлемге ауыстырылды.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін бұл төлемдер жалпы сомасы 13,5 млрд теңгеге 1 млн адамға есептелген.

Естеріңізге сала кетейік, 14 шілдеде ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қазақстандықтарға азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақшалай қаражат төлеуді бастауды тапсырған болатын.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырды. Табыссыз қалған қазақстандықтарды қолдау үшін жәрдемақылар, біржолғы төлемдер төленді, оның ішінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар берілді.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Куәліксіз көлік жүргізгені үшін 139 мың теңге айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтанда таксопарк жүргізушісі машинаны көлік жүргізу куәлігінсіз айдаған, – деп хабарлады Polisia.kz. 27 қарашада...

«Баласына елдің мүшкіл халін айтсын!» Зеленскийдің ата-анасымен бірге түскен фото қызу талқыға түсті

Бірнеше күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленскийдің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ата-анасымен бірге...

Түркістан әуежайы тексерістен өтті

Түркістан халықаралық әуежайы алғаш рет әуеайлақтың жарамдылық сертификатын алды. ҚР Индустрия және...

Назарбаев және Араб әлемі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне орай Әбу Дабиде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев...

Әлия Назарбаева Facebook желісіне тіркелді

Қоғам қайраткері Әлия Назарбаева Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты. Бұл туралы...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...