Қызылорда облысына Түркиядан гуманитарлық көмек келіп жетті

Қызылорда облысына Түркиядан гуманитарлық көмек келіп жетті

Қызылорда облысына Түркиядан гуманитарлық көмек келіп жетті
ашық дереккөзі

Түркиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек пен 30 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) жеткізілген болатын. Оның ішінде он аппарат Қызылорда облысына берілді. Аппараттың 3-уі облыстық фтизиопульмонология орталығына берілді. Ал қалған 7-уі өңірдегі өзге ауруханаларға жеткізіледі. Айта кету керек, Түркия үкіметімен бірге қазақ қауымдастығының өкілдері де елімізге қолдау көрсетуде. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Тасбөгет кентінде орналасқан облыстық фтизиопульмонология орталығына барды. Емдеу орнына Түркиядан келген өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараттарын табыстады. Жоғарыда аталған орталықта 120 орындық инфекциялық стационар ұйымдастырылған. Оның ішінде 6 төсек жансақтау бөлімі болып ашылған. Бүгінгі таңда стационарда 111 науқас ем алуда, оның 4 жансақтау бөлімінде. Тағы 9 азамат облыстық көпбейінді және қалалық ауруханадан ауыстырылатын болады. Айта кету керек, «Вi-group» құрылыс компаниясы 10 оттегі концентратын фтизиопульмонология орталығына сыйға тартқан.