Қызылорда қаласында көп қабатты жатақханада өрт шықты

Қызылорда қаласында көп қабатты жатақханада өрт шықты

Қызылорда қаласында көп қабатты жатақханада өрт шықты
ашық дереккөзі
Қызылорда қаласында көп қабатты жатақханада өрт шығып, барлығы 76 адам эвакуацияланды. Оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңғы 5.54-те тіркелді. Тұрар Рысқұлов көшесі бойында орналасқан жатақхананың екінші қабатындағы балконнан өрт шыққан. Өрт сол балконның үстінде орналасқан өзге балкондарға тарап кеткен. «Өрттен барлығы 76 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 15-і бала. Өрт 6.21-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар саласынан барлығы 32 қызметкер мен 10 техника жұиылдырылды», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.