Демалыс күндері ауа температурасы +42 градус болады

Демалыс күндері ауа температурасы +42 градус болады

Демалыс күндері ауа температурасы +42 градус болады
ашық дереккөзі
2020 жылдың 18-20 шілдесі аралығында еліміздің оңтүстігі мен батысында кей жерлерді ауа температурасы +42 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, оңтүстіктен келетін циклон Қазақстанның барлық аумағында ауа райының тұрақсыз болуына ықпал етеді. Кей жерде күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр жауады. Сондай-ақ кей өңірлерде бұршақ жаууы да ықтимал. Бірақ температуралық фон жоғары 30…38 градус, оңтүстікте және батыста кей жерлерде 42 градус болып қалады. Сондай-ақ республика бойынша кей жерде шаңды дауылмен бірге жел күшейеді.