Америкадағы қазақ: Қаным қазақ болған соң, Қазақстанға аңсарым ауып тұрады

Сонау 1989 жылы ағайынды Табыс және Жолды Келбатыровтар бала-шағасымен бірге мұхит асып, Қазақстаннан Америкаға қоныс аударған болатын. Араға отыз жыл салып, Табыстың кенже ұлы Михаил Келбатыров әлеуметтік желілердің біріндегі шетелдегі қазақтарға арналған топта өз басынан өткен оқиғасын жазыпты. Онда ол қазақ тілін үйреніп, қазақ мәдениетімен танысқысы келе­ті­нін де атап өткен. Осыған орай есейген шағында тума-туыстарын із­деп, ата-тегі, тарихи Отанын танып-білуді көздеген алыстағы Ми­хаилмен хабарласып, әңгімеге тартқан едік.

– Михаил, Facebook желісіндегі Kazakhs in America тобына өзіңіз туралы мәліметті қалдыруыңызға не түрткі болды?

– Шыққан тегім, ата-бабам, туған же­рім туралы көп мәлімет білгім келді. Себебі отбасымның тарихы, соның ішінде әкем­нің туыстары туралы аз-маз білемін. Сол себепті қазақтарға қатысы бар топтың бар екенін білген соң, сонда жазғым келді.

– Сол жазбаңызда 1989 жылы от­­басыңызбен Қазақстаннан Аме­ри­каға көшіп келгеніңізді айт­тыңыз. Ал көшкенге дейін Қазақ­стан­­ның қай өңірінде тұрдыңыз­дар?

– Жалпы, әкем Табыс, анам Галина да Қа­ра­ғанды облысына қарасты Абай ауда­нының тумалары. Мен де осы жерде дү­ние­ге келдім. Менімен қоса, туған бауырларым да сол Абайда туған. Үйдің кенжесі Джесси­ка есімді қарындасым ғана Америкада дүниеге келді.

000002

– Әкеңіздің сіздерді Америкаға кө­шіріп әкетуіне не себеп бол­ға­нын білесіз бе?

– Бар білетінім, әкем інісі екеуі Амери­каға жақсы табыс, жайлы өмір іздеп көшіп кеткен. Оның үстіне, ол уақытта қандай қиын заман болғанын білесіз. Негізі, әкем атам қайтыс болғанда небәрі бес жаста болған. Ал әкемнің анасы денсаулығы сыр беріп, балаларына жөнді қарай алмай, ақырында әкемді балалар үйіне тапсырған екен. Кейіннен ауруынан айығып, қайта қолына алса да, әкем өз бетімен өмір сүріп, көп қиындық көрген. Есейе келе сол Абайда би кешінде ұлты орыс анамды кез­дестіріп, бұл кездесудің соңы махаббатқа ұласып, көп кешікпей екеуі отбасын құр­ған. Сөйтіп, інісі екеуі ақылдаса келе тәуе­кел­ге бел буып, бізді, яғни бүкіл бала-шаға­сын Америкаға көшіріп әкелген. Өкінішке қарай, әкем осыдан екі жыл бұрын өмірден өтті.

– Әлеуметтік желіде көп­ші­лік­тің қалдырған пікіріне қарағанда, Қазақстаннан туыстарыңыз та­был­ған көрінеді. Олар сіздерді әлгі жазбаңыз арқылы тапты ма, әлде?

– Иә, әкемнің Алматыда тұратын туыс­тары табылды. Негізінен жазбама дейін тү­р­лі әлеуметтік желілерден Келбатыров деп тіркелгеннің түгелін қарап жүргенбіз, сөйтсек олар бізді атамыздың есімі бойын­ша іздепті. Ал Келбатыр – арғы атам, яғни әкем­нің атасының есімі. Сол себепті бір-бірі­мізді іздеуде жаңылысып, жуырда ғана өздері бірінші болып бізді іздеп тапты. Бүгінде олармен жақсы араласып тұрамыз.

0505

– Туыстарыңыз ата тегіңіз ту­ра­лы айтып берген болар?

– Иә, адай руынан тарайды екенбіз. Ал­­матыда тұратын қарындасым ру, соның ішінде жеті атаға қатысты көп мәліметпен бө­лісіп, нәтижесінде қазақ шежіресіне қы­зы­ғушылығымды оятты. Алдағы уақытта сол шежірені асықпай қарап, кімнің кім­нен тарайтынын толық түсінгім келеді.

– Қазақ шежіресімен таныс бол­масаңыз да, Қазақстанды сыр­ты­нан бақылап жүрген бо­ларсыз. Шетелде тұратын көпшілік Қа­зақ­стан десе, бірден Геннадий Голов­кин не­месе Димаш Құдайбергенді айта жөнеледі. Ал сіз бізден кімді танисыз?

– Әлбетте, екеуін де танимын. Біздің жақта Головкиннің өнеріне көпшілік тәнті. Ал Димаштың жөні тіптен бөлек. Айна­ламда K-pop, яғни кәріс поп музыка бағы­тына қызығатындар Димаш десе ішкен асын жерге қоятынын білемін. Айта ке­терлік жайт, Димаштың қазақ тіліндегі бір әні қазақ тілін үйренуге деген қызығу­шы­лығымды одан сайын арттырып жіберді. Мұнда тек әуені ғана емес, сонымен қатар, сөздері де маған бір ыстық секілді көрінді. Жалпы, қазақ тілінің дыбысталуы ұнайды. Сон­дықтан қазақ тілін үйренгім келеді, десек те қазақ тілін мұның тартымды­лы­ғы­на бола емес, менің тарихымның бір бө­лігі болғандықтан үйренгім келеді. Қа­зақстанды сыртынан бақылап жүретінім рас. Қазақстан десе, елең ете қалатын Аме­рика тұрғындарының біріміз. Жалпы, Қазақстан табиғи ресурсқа бай мемлекет екенін білемін, елді көбіне-көп мұнаймен байланыстырамын. Сосын интернеттен ви­деолар мен суреттерді арнайы іздеп, қара­ғанмын, сол кезде қалалардың, әсіресе мегаполистердің сәулеті заманауи стильде салынғанына таңғалдым. Айта кетерлік жайт, қазақ жастары білімін тереңдетуге құштар келеді екен. Жоғарыда айтқан туыс­қандарыммен сөйлескенде үлкенінен кі­шісіне дейін өте білімді, кішіпейіл, ашық-жарқын екенін байқадым. Сосын қазақтар­дың өте қонақжай халық екенін білемін.

– Тіл үйрену демекші, Аме­ри­ка­да білім алып немесе жұмыс істеп жүрген қазақтардың қарасы көп. Оларға қазақ тілін үйрету туралы ұсы­­ныс айтсаңыз, бас тартпайты­ны анық.

– Иә, өзім де осында тұратын қазақ­тар­мен кездесу ұйымдастырып, арасынан бі­реуіне сұрау салғым келіп жүрген. Жал­пы, биыл әйелім екеуміз жақын тұратын қа­зақтардың басын қосып, жақыннан та­ныс­қымыз келген еді. Оның үстіне олар ұлт­тық мерекелерге қатысты фестиваль өт­кізіп тұратынын еститінмін, алайда биыл пандемияға байланысты біз ұйымдас­тыр­ғымыз келген кездесу де, фестиваль де өт­пей қалды. Сөйтіп тіл үйренуге қатысты жос­парым іске аспай тұр. Бұрын көп сөзді білетінмін, қазір ұмытып қалыппын, «ас­салау­мағалейкумнан» ары аса алмай­мын. Жалпы, есейе келе барлығы басқаша бола­ды екен. Әлі есімде, мектепте оқып жүр­ген­де орысша сөйлейтініме, есімімнің Михаил екеніне ұялып, Майкл деп айтатынмын. Себебі достарымның барлығы амери­ка­лықтар. Түптің түбінде адам баласы тұрған жері, өскен ортасының тұрмыс салтына мойынсұнбай қоймайтыны анық. Ал қазір есейіп, ес жиған кезде тұрған жеріңнен бө­лек, туған жеріңді, шыққан тегіңді із­деуіміз де заңдылық. Тілді ұмытыңқырап қалғанымыз рас. Әйтсе де, туыстармен араласу, сабақ алу арқылы тілді жетілдіріп ала­мыз деп сенемін. Сосын тағы бір ай­тарым, Америкада балалар тек ағылшын тілінде сөйлейді. Өзімнің екі жасар ұлым­ды қазақшаға да, орысшаға да кішкентай кезінен үйретпекшімін. Балам шыққан тегін, кімнің немересі екенін білсе екен деймін. Айтпақшы, әлгі менің жазбамның астына бір кісі «Не үшін білгің келеді, неге артқа қайтқың келеді, мұнда келіп керек емес!» дегендей пікір қалдырыпты. Мұны оқығанда шыны керек таңғалдым. Тегім Келбатыров, қаным қазақ бола тұра неге білмеуім керек?! Бұл – тарих. Қан тартып тұрады. Түп-тұқиян, тек-тарихыңды білме­сең, тіпті білуге ұмтылмасаң, онда қандай адам болғаның?! Ел ішінде жүргендерге бұл басқаша болуы мүмкін, десек те мен үшін менің атам, әкеме қатыстының барлығын білу маңызды. Сол себепті келер жылы Қазақстанға баруды жоспарлап отырмын.

– Әкеңіздің інісі Жолды аға қа­зақ­ша білетін болар?

– Иә, Жолды аға қазақша сөйлейді. Ол кісі өмір бойы бизнеспен шұғылданып, қа­зір зейнетке шықты. Өте еңбекқор кісі, өз ортасында өте сыйлы кісі. Десек те, қа­зақ тілін үйрет дейтіндей, жиі кездесе бер­мейміз. Себебі ол кісі бала-шағасымен Пен­сильвания штатында тұрады, үлкен әп­кем Джорджия, ал қалғанымыз Кали­фор­ния штатында тұрамыз. Отбасымызда інім Жорадан басқамыз үйлі-барандымыз. Анамның он тоғыз немересі бар.

080222

– Ал өзіңіз қандай іспен айна­лы­сасыз?

– Он тоғыз жасымда АҚШ теңіз жаяу әскерінің қатарына қабылдандым, десек те Ауғанстан немесе Ирак елдеріндегі әскери ұрыстарға қатыспағанмын. Мен мұнда кө­бінде мылтық атудан инструктор қызметін атқардым. Сонымен қатар Таиланд, Фи­лип­пин, Сингапур, Австралия, Жапония секілді мемлекеттердің әскери күштерімен бай­ланысты болдым. Әртүрлі елге саяхат жа­сау арқылы түрлі мәдениетке толы үлкен әлемді басқа қырынан тани бастадым. Оның үстіне теңіз бетінде жолай кезіккен достарымның түгелі дерлік басқа ұлт өкіл­дері болды. Айтпақшы, олардың арасында бір қазақ жігіт болды, бірақ есімін ұмытып отырмын. Сөйтіп әртүрлі ұлтпен таныс болуым психология ғылымына қызығуыма түрткі болды, ақырында осы сала бойынша оқуға түстім. Десек те, көп нәрсені өз бе­тім­­мен үйреніп алуға болатынына көз жет­кізген соң, бұл оқуды жалғастырмауды құп көріп, қазіргі таңда бухгалтер және есеп мамандығы бойынша білім алып жа­тырмын. Бұған қоса теріден түрлі бұйым­дар жасаймын.

– Жаңа бір сөзіңізде келер жы­лы Қазақстанға саяхат жасау­ды көз­­деп отырғаныңызды айт­тыңыз. Саяхатты қай қаладан бас­та­­­мақ ойыңыз бар?

– Ең алдымен Алматыны аралағым ке­ле­ді. Себебі таулы әрі жасыл желекке то­лы аймақ екенін жақсы білемін, сондықтан сол қалаға қызығамын. Оның үстіне жоға­ры­­да айтқандай бұл қалада туыстарым тұ­ра­ды. Сосын туған жерім Абай қаласына бар­ғым келеді. Мені нәресте кезімде алып кел­ген үйімді, әкем мен анамның өскен үйін, жүріп өткен көшесін, оқыған мек­теп­терін көргім келеді. Мүмкін болса әкем­нің жұ­мыс істеген жерін көрсем деймін. Жал­пы айтқанда, әулетіме қатыстының бар­лы­ғын  өз көзіммен көргім келеді. Өзіммен бір­ге анамды да апарып көрсеткім келеді-ақ, өкінішке қарай, ол кісі денсаулығына байланысты келе алмайды.

 

Әңгімелескен Әлия ІЗТІЛЕУ

Редакция таңдауы

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 14-15 мамыр күндері  «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын қойды. Туынды авторы –...

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...
f7af4b15 00e7 4d21 b15f a42fe214eaa5

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2018 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Өңірлер бойынша:...
0edb4782 3a4c 4862 b828 ff08bd59f28b

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

19 мамырда Қазақстанның барлық аймағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы...
8d9bf319 0dba 4796 938b 7a48fb219930

Қапшағайда мемлекеттік қызметкер 43 млн теңгені қолды қылған

Қапшағайда есеп айырысу орталығының басшысы 43 миллион теңгені қолды қылды деген күдікпен...

Жаңалықтар

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2018 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 264, Алматы қаласы - 525, Шымкент қаласы - 81,...

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

19 мамырда Қазақстанның барлық аймағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қазгидромет cиноптиктерінің болжауынша, кей жерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал,...

Қапшағайда мемлекеттік қызметкер 43 млн теңгені қолды қылған

Қапшағайда есеп айырысу орталығының басшысы 43 миллион теңгені қолды қылды деген күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды taldykorganec.insta парақшасы. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық...

Студенттерге стипендия бюджеттен тікелей аударылады

Бакалавриат, магистратура және докторантура бөлімінде грантта оқитын студенттердің стипендиясы тікелей карта шоттарына түсетін болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің Facebook-тегі...

Жылы дәретханаларды «музей» көріп отырғандар бар – министр мектептерді сынады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов жылы дәретханалардың жұмыс істеуін қадағалауды тапсырды. «Ешкімді алдаудың қажеті жоқ. Жылы дәретхананы орнатқанымен, оны музей сияқты қастерлеп, жабық ұстайтын...

БҚО-да киіктерді тірідей көмген әкімдік қызметкерлері жазаланады – министрлік

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстанда оқыстан мерт болған киіктердің ұшаларын жою кезінде тірі қалған...

Мектеп мұғалімдерін мәжбүрлі жұмысқа тартқан директорға шара қолданылды

Атырауда мектеп мұғалімдерін кәсіптік міндетіне жатпайтын жұмысқа тартқан директор жазаланды. Бұған дейін әлеуметтік желіде М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің директоры педагогтерді кәсіптік міндетіне қатысы жоқ...

Пандемия: 42 пойыздың қозғалысы уақытша тоқтады

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында елдегі 156 пойыздың 42-і қозғалысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлімдеді. Ресми ақпарат бойынша, тоқтатылған пойыздардың...

Түркістан облысы әкімінің орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді. «Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің...

«Nur Otan» Айда Балаеваға анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында қайтыс болды. "Nur Otan" партиясы Орталық аппаратының ұжымы министр Балаева Аида Ғалымқызына,...

Елордада қай жерлерде шомылуға рұқсат берілді – ТЖД жауабы

Нұр-Сұлтан қаласында халық суға түсетін 23 орынның үшеуінде ғана шомылуға ресми рұқсат берілген. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. «Статистика бойынша, қазіргі уақытта судан қаза...

Бос жұмыс орны: Алматыда қоғамдық көлікке 800 жүргізуші қажет

Қазір қаладағы қоғамдық көліктерге шамамен 800 жүргізуші жетпейді. «Алматыда 800 жүргізуші тапшы. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жетіспеушілігін болдырмау үшін тасымалдаушылар жүргізушілерге жағдай жасауы қажет (облыста тұратын...

Көкшетауда 12 жастағы бала жүргізген көлік апатқа ұшырады

Көкшетауда көлік жүргізген 12 жасар бала жол-көлік апатына түсті, деп хабарлады  Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі. «17 мамырда кешкі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының 50...

Анасы қылмысты жасырған: 8 жасынан бері зорланып келген қызға қатысты іс қозғалды

Алматы облысының тұрғыны немере қарындасын 8 жасынан бері зорлап келген деп айыпталды, ал қыздың анасы бәрін білген, бірақ жасыруға тырысқан. Әлеуметтік желі қолданушысы Андрей...

«Сергектің» айыппұлын жойып беремін»: жарнама берген адам ұсталды

Әлеуметтік желіде «Сергектің» айыппұлын жойып беремін деген жарнама пайда болған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексерді. «Нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып,...

Карантин: елімізден 13 мемлекетке әуе рейсі орындалады

Қазақстаннан халықаралық бағыттар бойынша аптасына 13 елге 40 бағыт бойынша 117 тұрақты әуе рейстері орындалады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналындағы мәліметке...

Шөкеевтің орынбасары қамауға алынды

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің парамен ұсталғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп...

Аида Балаеваның анасы дүние салды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында өмірден өтті, бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму...

Әсел Айтпаеваның ісі: Тағы екі қыз адам саудасының құрбаны бола жаздаған

Тағы екі қыз адам саудалады деген күдікке ілінген Әсел Айтпаеваның жездесінің құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды BaigeNews.kz Astana TV-ге сілтеме жасай отырып. Бұл туралы...

28 мамырдан бастап чек берілмегенін хабарлағандарға сыйақы беріледі

Үкімет төлем қабылдауға арналған құрылғыны пайдалану ережелерін бұзу фактілері туралы хабарлайтындарға сыйақы төлеу туралы ереже бекітті, деп хабарлайды zakon.kz. Ережеге сәйкес, сауда орындарында чек берілмегені,...

«Сатпас бұрын бюджет ақшасына күрделі жөндеу жүргізген». Түркістан қаласының әкімдігінің ғимараты арзанға сатылып кеткен

Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлері отырған ғимаратты қала басшылығы нарықтағы құнынан әлдеқайда арзан бағаға сатып жіберген. Оған қоса, әкімдік ғимаратты сатпас бұрын бюджеттің ақшасына оны...

18 мамыр қандай оқиғалармен есте қалды?

1992 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапармен барды; 1996 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақын Олжас Сүлейменовке "Қазақстанның...

Мамин вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімін нақтылауды тапсырды

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, қазір коронавирус жұқтыру деңгейі төмендегені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Дегенмен, "қызыл аймақта" 6 өңір тұр: Нұр-сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды,...

Ресейде ешкілердің сұлулық байқауы өтті

Ресейдегі Удмуртия республикасында ешкілердің сұлулық байқауы өтті. Байқауда ең әдемі жануар анықталды. Иелері ешкілерге көйлектер мен белдемшелер кигізіп, көзілдірік тағып қойған. Шартқа сәйкес, иелері жануарлармен бірге...

Өткен тәулікте 1 837 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте елімізде 1 837 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-сұлтан қаласы - 251, Алматы қаласы - 520, Шымкент қаласы...

Қостанай облысында тағы бір ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. Сапарда әкім Сорочинка ауылындағы су тарату желісінің Лихачев топтық су құбырына қосылуымен...

ШҚО-да арықтан екі баланың денесі табылды

ШҚО Үржар ауданы Елтай ауылында арықтан 3 жастағы 2 баланың денесі табылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" altaynews.kz-ке сілтеме жасап. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,...

Алексей Цой 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін салдырды

Министр өзін жақсы сезінетінін, ешқандай реакция болмағанын айтты, - деп хабарлайды Orda.kz. Ол QazVac препаратының бірінші компонентін 26 сәуірде алған болатын. Сондай-ақ, білім министрі Асхат Аймағамбетов...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері мемлекеттік органның...

Автомобильдерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және...

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бұл туралы KAZNEWS порталды хабарлады. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең жас крипто-валюта миллиардері...

Аида Балаева киносыншыларды ынтымақтастыққа шақырды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. А.Балаева министрлік телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру...

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 14-15 мамыр күндері  «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын қойды. Туынды авторы –...

Түріктерді мақтаған Қыдырәлі мен Қарақат елдің сынына қалды

Қыдырәлі мен Қарақат түріктерді мақтап, желі қолданушыларының сынына қалды, - деп хабарлайды oinet.kz. - Жақтырмай қараған бірде-бір түрік көрмедік. Ашуланып, қабағын түйіп, менсінбей қараған түрік...

Алматыда белгісіз біреулер Қонаевтың портреті салынған муралды бүлдіріп кеткен

Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаевтың портреті салынған муралды бүлдіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысының суреті төрт жыл бұрын №3...

ІІМ мектепке апаруға болмайтын заттардың тізімін жасады

Ішкі істер министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына апаруға болмайтын заттардың тізімін жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Жыл басында Министрлік Білім және ғылым...

Үндістандағы індет Ресейге жетті

Ресейде "Қара зең" инфекциясы, мукормикоз тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Известия басылымына сілтеме жасай отырып. Басылымның ақпаратына сәйкес, бұл инфекция мұрынға, көзге және тыныс алу жүйесіне...

Маусым айынан бастап 6 мың шақырымға жуық автожол ақылы болады

Маусым айынан бастап елімізде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым автожолдардың 18 ақылы учаскесі енгізіледі, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ баспасөз қызметі. Соның ішінде мына жолдар ақылы...

Еліміздің үш аймағында аптап ыстық болады

Елімізде солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей...

Сәуірде қазақстандықтар 94 килограмнан астам алтын құйма сатып алған

2021 жылғы сәуірде қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 94,5 кг құйма алтын сатып алған, бұл туралы Kapital.kz...

Мектептерге арнайы күзет қойылмақ

Еліміздегі білім беру мекемелері арнайы күзеттің бақылауында болады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Білім беру ұйымдарының объектілері...

Алматыдағы сауда орталығының жанынан 49 жастағы ер адамның денесі табылды

Ер адамның мәйіті Наурызбай ауданында орналасқан "Апорт" сауда-ойын-сауық орталығы маңынан табылды, деп хабарлайды АА NewTimes.kz. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам кісі қолынан қаза тапқан. Оқиға...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы туралы мәлімет берілді. Tengrinews.kz сайтының жазуынша,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері –мемлекеттік...

«Президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған» – Берік Уәли

Мемлекет басшысының Баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні қалай өтетіні туралы сауалдарға жауап берді. «Бүгін азаннан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері...

Алаяқтық жасап, Америкаға қашып кеткен үш қазақстандық ұсталды

Америкаға бой тасалаған Қазақстанның үш азаматы ұсталып, елге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. «Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық...

«URKER-2021»: өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2021» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар,...

МҚІА Президент сынға алған шенеуніктің қайта қызметке тағайындалуын түсіндірді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) Сайранбек Бармақовтың қайтадан қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, шенеунік Автомобиль жолдары комитеті төрағасы қызметінен өз қалауы бойынша...

Бағалау матрицасы: «қызыл» аймақтағы өңірлер саны азаяр емес

Коронавирус ахуалына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 17 мамырдағы жағдай бойынша: «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды...

Ақтаудағы хайуанаттар бағында жануарларды өлтіріп, торға салып қойған

Ақтаудағы хайуанаттар бағына келушілер өліп қалған қояндарды көріп, видеоға түсіріп алған. Олар зообақта бұдан өзге тасбақалар мен аламандар да өліп жатқанын айтады, – деп...

1 қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу...

Үш айда елімізден 5,5 мың адам көшіп кеткен

Биылғы үш айда тұрақты тұру үшін Қазақстанға 2 мың адам келсе, көшіп-кеткендер саны – 5,5 мың адам. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық...

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны 18 млн 940 мың 400 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі...

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус жұқтыпғаны расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 549 Алматы қаласы - 284 Шымкент қаласы -...

17 мамыр: атаулы күндер һәм маңызды оқиғалар

1936 жылы 17 мамырда Мәскеуде алғаш рет қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігі өткізілді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда Қазақстанның елшілігін ашу...

Мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты

Ауғанстан астанасындағы мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты. Қанды шабуылға байланысты жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмаған. TOLOnews мәліметінше, оқиға Кабул қаласының солтүстігінде орналасқан Шакар-Дара ауданындағы...

Батыс Қазақстанда полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Орал-Тасқала жолында...

Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды

  Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды. «Есіл» әуесқой командасы шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогын иеленді. Команда финалда «Qurman» командасынан басым түсті. Негізгі және қосымша...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өткен аптада еліміздің бірқатар өңірінде кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат 10-16 мамыр аралығындағы тағайындауларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орталық мемлекеттік органдардардан бастасақ, ҚР Үкіметінің қаулысымен...

Исландияда жаңа оянған жанартау сатылып жатыр

Исландияда наурыз айының соңында оянған Фаградальсфьядль жанартауы тұрған жердің иесі жер телімін вулканымен қоса сатуға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап. Жер телімі...

Мальдивте коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр

Мальдивте індеттің таралуы бәсеңдемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Аралды елде күн сайын мыңға жуық адамнан вирус анықталып жатыр. Жергілікті билік жұқпалы кеселдің өршуіне...

Алматыдан 352 шақырым қашықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні 22 сағат 45 минутта жер сілкінісін тіркеді. «Зілзала ошағы...

Хоккейден Қазақстан құрамасының бір ойыншысы коронавирус жұқтырды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының бір өкілінен коронавирус анықталды. Осыған байланысты бүгін қазақстандық спортшылар Беларусь құрамасымен жолдастық кездесуге шықпайды. Бұл ойын...

Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Қазақстанда аптап, найзағай болып, бұршақ жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. 17 мамырда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады, шығыстан соғатын желдің күші секундына...

17 мамырдан бастап 14 күн оқшаулану міндеттеледі – Бас санитар дәрігер

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойды. «Облыстардың, Алматы,...

«Ирина Қайратовна» тобымен аттас әйел өнер ұжымына алғыс айтты (видео)

«Ирина Қайратовна» атты топтың мүшелері өнер ұжымының неге бұлай аталатынын айтты. Ал "Қызық LIVE" телебағдарламасына арнайы келген Ирина Қайратқызы есімді әйел танымал топпен аттас...

Головкин ең үздік боксшылар рейтингінде Мұхаммед Әлиді басып озды

Boxrec.com салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) ең үздік боксшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды Sports.kz. Америкалық Флойд Мейвезер бокс тарихындағы ең үздігі деп танылды. Екінші орынды Эззард...

«Үйімді сағынып кеттім». Алматы облысында әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген. Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі...

Қызылордада 24 жастағы жігіт катамараннан көлге құлап қайтыс болды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында катамараннан Ханқожа көлінен құлап кеткен жігіт қайтыс болды. ҚазАқпараттың жазуынша, оқиға Шиелі ауданына қарасты Бәйгеқұм елді мекені тұсындағы Ханқожа көлінде болды....

Қытайда коронавирустың қайта өрши бастағаны тұрғындар арасында дүрбелең туғызды

Қытайдың Аньхой және Ляонин процинцияларында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, коронавирусқа қарсы жаппай екпе салғызуына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат...

Новосібірде қабір қазудан чемпионат өтті (видео)

Новосібірде қабір қазудан жарыс өтті. Шарт бойынша, қатысушылар тереңдігі екі метрге жуық қабір қазуы керек. Қазылар алқасы қазу жылдамдығын, сапасын және техникасын бағалады. Қабірлердің мөлшерін тексеру...

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті ретінде оның жездесі ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды polisia.kz. Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан А.Айтпаеваның...

Қазақ дроны сынақтан өтті

Бүгінде әлемдегі әскери күштердің басты қаруының бірі - ұшқышсыз ұшатын құралдар болып отырған кезде өз қарулы күштерін осындай құралдармен жабдықтауды өз алдарына басты мақсат...

Өзбек әншісі Юлдуз Усманованың Израиль туралы айтқанына қатаң жауап берілді

Осы аптада Израиль мен Палестинаның бір-біріне оқ жаудырғаны белгілі. Соған байланысты әлемнің түкпір-түкпірінде бұл оқиғаға баға беріп, пікір айтып жатқандар көп. Міне осындай кезде...

«Ата-аналары алаяқты тәрбиелеген» деп полицияның намысына тигені үшін 20 күнге қамалды

Алматы облысында полицейлердің ар-намысына әлеуметтік желі арқылы нұқсан келтірген азамат 20 күнге қамалды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамыр күні Талдықорғандағы мамандандырылған...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның ісін Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі бақылауға алды

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваға қатысты істі өз бақылауына алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Эльвира Әзимова қайғылы жағдайда қызынан...

Жеңіс Қасымбек биыл Қарағандыда кімдерге пәтер берілетінін айтты

Қарағанды обысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл өңірде үй кезегінде тұрған азаматтарға 250 пәтер берілетінін Facebook-тегі парақшасында жазды. «Бүгін жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барып, онда...

«Бүркітке тұрмысқа шығар алдында, Исламды қабылдап, Аиша атандым» – танымал өнер жұбы сырын айтты

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатта бұрын айтылмаған сырларымен бөлісті. Сұхбат барысында Аиша Ислам дініне қалай бет бұрғанын айтты. Stan.kz сайтының жазуынша, Аиша...

Бір өңірде карантин 30 мамырға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды облыстық ССК ресми сайты. Құжаттың мәтініне сәйкес, ШҚО-да карантин...

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікке ілінді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ақпаратты экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Адвокаттың айтуынша, 11...

Air Astana: Әуе билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылады

14-16 мамыр аралығында Air Astana әуе компаниясынан 50% жеңілдікпен Батуми, Бішкек, Душанбе, Киев, Ташкент, Тбилиси және Франкфурт қалаларына билет сатып алуға болады. Air Astana авиакомпаниясы...

Сәкен Майғазиев 91 тобының экс-солисі мен Ерке Есмаханның некелескеніне қатысты пікір айтты

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан некелесіп, ерлі-зайыпты атанды. Бірақ бұл жаңалықты екеуі де жария еткен жоқ. Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарамасында айтылды, - деп хабарлайды stan.kz. Ерке жолдасынан...

«Америка үшін ұлы күн». Байден көпшілік алдында маскасын шешті

АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күнді Америка үшін ұлы күн деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып. АҚШ ауруларды бақылау...

Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады

Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып. 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі....

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжат жеткізу қызметі іске қосылды

"Азаматтарға арналған үкімет" Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды holanews.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сервисте 144 қызмет бар,...

Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлердің...

Еліміздегі «еститін» министрліктердің рейтингі жарияланды

Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын ұстанатын министрліктердің рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды...

ҰБТ-да 137 балл жинаған түлек мұғалім болуды армандайтынын айтты

"Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен, негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, бастысы – өмірде өз орныңды тауып,...

«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана Алма Сайлауқызының «Бақытты келіншек» кітабының тұсаукесері болып өтті. Деректі-мотивация жанрында жазылған бұл бірегей туындының тұсаукесері...

«Басын аялдамаға ұрған». Алматы облысында жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққан әйелдер іздестіріліп жатыр

13 мамыр күні кешқұрым Алматы маңында 16 жастағы қызды екі ересек әйел ұрып-соққан, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Оқиға сағат 18:35 шамасында Боралдай кентінде Космонавттар көшесіндегі...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаевамен қоштасуға бүкіл ауыл жиналды

Грузия астанасында қайтыс болған 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі жер қойнына берілді.  Оны ақтық сапарға шығарып салуға бүкіл ауыл тұрғындары келді, деп хабарлайды КТК. Басқа...

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету туралы өтініш беретінін айтты. Бұл туралы ол 14 мамырда өткен баспасөз...

60 млн теңге пара алған Антикор қызметкері 12 жылға сотталды

Антикор қызметкері 12 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме...

Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды

Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Жүк рейсі Делиге 14 мамырда...

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды echo.msk.ru. Аукционды "Кристи" аукцион үйі өткізді. Сауда-саттық басталар алдында сарапшылар "Терезе алдында отырған әйел"...

Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылатынын мәлімдеді. 17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан – тақ күндері,...

Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр

Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің спортшылары спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінге дейін 53 лицензия жеңіп...

Алматыда көлікпен жарысқан жастарға 1,6 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған жүргізушілерге 1,6 млн теңге айыппұл салынды. Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, мұндай жарыстарды көбіне жастар ұйымдастырады. «Жастар қауіп төндіріп,...

Коронавирус: ғалымдар мұрынға себетін вакцина қашан тіркелетінін айтты

Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы мұрынға себілетін вакцина 2021 жылдың соңында – 2022 жылдың басында клиникалық зерттеуге шығарылады. Орталық директоры Александр Гинцбург препарат...

«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өтетінін айтты. «Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде...

NASA диаметрі 200 метр астероидтың жерге жақындағанын ескертті

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) диаметрі 88-ден 200 м-ге дейінгі астероидтың жерге жақындағанын ескертті, деп хабаррлайды ТАСС агенттігі. NASA-ның жерге...