393
Президент пен лауазымды тұлғалар Ақорда алдында індет құрбандарын еске алады
Президент пен лауазымды тұлғалар Ақорда алдында індет құрбандарын еске алады
Мемлекет басшысының Өкімімен 13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленген болатын. Осыған орай түнгі сағат 00:00-ден бастап еліміздегі барлық Мемлекеттік Ту төмен түсірілді, деп жазды бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Ал бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша коронавирус пандемиясының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды. Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алады.
«Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтеді. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетеді», деп жазды Берік Уәли.