9 Шілде, 15:19 302 0 Аймақ Арайлым Бимендиева

Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы нысандарды аралады

Құрылысы аяқталған нысандардың жұмыс барысын тексерген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ең бастысы, жұмысшылардың сақтық шараларын бақылауды тапсырды. Бекітілген барлық талаптарды қатаң сақтауды және құрылыстың бәсеңдемеуін міндеттеді.

Бүгінде Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу және жиһаз орнату жұмыстары жүріп жатыр. Конгресс холл көпсалалы ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын қалған.

Облыс басшысы тұрғын үйлер мен әлемдік талапқа сай бой көтерген RIXOS және Хэмптон қонақ үйлері, Керуен сарай, кітапхана, Тұңғыш Президент саябағы мен «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайындағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарын тексерді. Өмірзақ Естайұлы құрылысқа атсалысып жатқан шетелдік компания жетекшілерімен кездесіп, жұмыс барысындағы бірқатар өзгерістерді талқылады.

Соңғы жаңалықтар