313
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзімі қалай ұзартылады
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мерзімі қалай ұзартылады
30 маусымға дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінім берген алматылықтар құжаттарын жаңарту үшін әлеуметтік әл-ауқат бөліміне бармай-ақ, автоматты түрде көмек алады.
Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат қоры басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу үшін қала тұрғындарынан аудандағы бөлімдерге бармауын өтінді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасымен шындықты, әділетті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың басынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігі енгізілді. Соған сәйкес, АӘК тағайындау үшін азаматтар тоқсан сайын құжаттарды қайта тапсыруы қажет", - деді Әлкебайұлы.
Алайда осыжылдың екінші тоқсаны уақытында елде төтенше жағдай жарияланып, аталған көмекті алушымен тікелей байланыс болдырмау мақсатында АӘК тағайындау мерзімі өтініш бермей-ақ, автоматты түрде ұзартылды.
"Қазір коронавирус індеті бойынша жағдайды ескере отырып, сонымен қатар көрсетілетін қызметті алушымен тікелей қатынасты болдырмау үшін министрлік АӘК алушыларының екінші тоқсандағы табысы негізінде автоматты түрде үшінші тоқсанға өтініш беруді қарастыратын бұйрық жобасын дайындап жатыр ", - деді ол.
Ол тұрғындардан 30 маусымға дейін жылдың үшінші тоқсанына құжатты қайта тапсыру үшін аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдеріне бармауды сұраймыз. Аталған азаматтардың өтініштері ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде қаралады.
Сонымен қатар осы уақытқа дейін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бермеген азаматтар "Электронды үкімет" порталы арқылы "электронды өтініш" парақшасына өтіп, жеке басын куәландыратын құжатты қосып, өтініш бере алады.
Айта кетейік, Алматыда 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін атаулы әлеуметтік көмек 4 419 адамға берілді.