215
Қазақстанда бір ай ішінде пневмониядан 628 адам көз жұмды
Қазақстанда бір ай ішінде пневмониядан 628 адам көз жұмды
Елімізде маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болған.
ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, 2020 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша, пневмониядан көз жұмғандардың статистикасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен шамалас.
"2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында өлім-жітімнің - 1780, ал 2020 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша - 1772 жағдайы тіркелді. Ал осы жылдың маусым айында пневмониядан қайтыс болғандардың саны 628-ге жетті. Пневмониямен ауыру жағдайына келсек, биылғы алты айда 55 проценттік өсім байқалады. Ал маусымда бұл көрсеткіш тіпті төрт есе өскен", - деді бас санитар7
Айта кетейік, бұған дейін елімізде бір күн ішінде коронавирус пен пневмониядан 30 адам көз жұмғанын хабарлағанбыз.