Елімізге 700 мың қаптама парацетомол жеткізілді

Елімізге 700 мың қаптама парацетомол жеткізілді

Елімізге 700 мың қаптама парацетомол жеткізілді
ашық дереккөзі
255
Қазақстанға парацетамолдың 700 мың қаптамасы жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Медициналық ұйымдарға науқастарды КВИ-ден емдеу үшін антибиотиктің 16 түрі үзіліссіз жеткізілуде. Сонымен бірге керекті дәрі-дәрмекті жеделдетіп дәріханаларға жеткізу үшін дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Спекуляцияға жол бермеу мақсатында әкімдіктер бір адамға дәрі-дәрмекті шектеулі түрде сату мәселесін реттеп жатыр. Осы аптаның соңына дейін бөлшек сауда желілеріне вирусқа қарсы препараттардың 70 мың қаптамасы жеткізіледі. Ыстық түсіретін дәрілер, мәселен парацетомол Қазақстан нарығына түсе бастады. Қазіргі таңда бұл препараттың нарыққа әртүрлі өндірушілерден 700 мың қаптамасы жеткізілді. Алдағы екі аптада парацетамолдың тағы 800 мың қаптамасын жеткізу көзделген», - деді Алексей Цой бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Еске сала кетсек бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізілетін болды.  

Серіктес жаңалықтары