Елбасы коронавирустан емделіп шықты

Елбасы коронавирустан емделіп шықты

Елбасы коронавирустан емделіп шықты
ашық дереккөзі
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетінен айықты.  Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде хабарлады. «Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тесті теріс нәтиже көрсетті. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады», - деп жазды А.Үкібай Twitter-де. Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің індеттен емделіп шыққанын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та коронавирустан айығып, қызметіне қайта кірісті.