Өзбекстанда карантин күшейтілді

Өзбекстанда карантин күшейтілді

Өзбекстанда карантин күшейтілді
ашық дереккөзі
203
Коронавирустың өршуіне байланысты бүгіннен, 1 шілдеден бастап Өзбекстанда карантин күшейтілді. Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, республикалық арнайы комиссияның шешімі бойынша  республиканың барлық аймақтарындағы ірі базарлар және тауарлар сатумен айналысатын ірі сауда орталықтары аптаның сенбі-жексенбі күндері санитарлық және дезинфекция жұмыстарының жүргізілуіне орай жабылады. Сондай-ақ, «қызыл» және «сары» санаттағы аймақтарда сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін қоғамдық орталарда үш адамнан көп кісі топтануға, ал 23:00-ден 07:00-ге дейін көшеде, көпқабатты үйлердің алдына жиналуға тыйым салынады. Десе де, 30 адамнан аспайтын салтанатты кештер мен түрлі той рәсімдерін санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып үйде өткізуге рұқсат етілген. Аталған санаттағы өңірлерде  аптаның сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысына біршама шектеу қойылады. Соңғы дерек бойынша Өзбекстанда 8,5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 26 науқас көз жұмды.  

Серіктес жаңалықтары