30 Маусым, 11:35 684 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

COVID-19: жерлеу рәсімі өзгерді

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдарды жерлеу ережелері өзгертілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібі маңызды болып қалып отыр. Қазіргі тәртіпке өзгерістер енгізілді: қайтыс болған адамды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтай отырып, кез келген зиратқа жерлеуге болады», – деді Алексей Цой.

Айта кетсек, кейінгі деректерге қарағанда Қазақстанда коронавирустан 188 адам қайтыс болған.

Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс. Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді.

Соңғы жаңалықтар