197
Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 80,3 млрд теңге аударған
Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 80,3 млрд теңге аударған
Жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс және медициналық сақтандыру шеңберінде алматылықтарға қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 80,3 млрд теңге төленді.
Соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетіліп жатқан тегін медициналық көмек үшін 57,5 млрд теңге және медициналық сақтандыру үшін 22,8 млрд тенге төленіп отыр. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы хабарлады.
Еске салайық, медициналық сақтандыру қоры – 2018 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын кепілдендірілген тегін көмек пакетінің операторы. 2020 жылдан бастап қор міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтердің ақысын төлей бастады.
Жалпы, Алматы қаласында 173 медицина ұйымы Медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекіткен. Оның басым бөлігі – жеке меншік клиникалар. 2020 жылға бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы – 190,6 млрд теңге.