COVID-19: Нұр-Сұлтанда жедел желі іске қосылды

COVID-19: Нұр-Сұлтанда жедел желі іске қосылды

COVID-19: Нұр-Сұлтанда жедел желі іске қосылды
ашық дереккөзі
238
Елордада коронавирус бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін "жедел желі" іске қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.  Уақытылы ақпараттандыру үшін елорда әкімдігінің сайты http://covid19.astana.kz/kz, парақшасын іске қосты. Онда тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді таба алады. Парақшадан COVID-19 жағдайымен, дүкендер мен басқа да сауда нысандарының, оқу орындарының, көліктің, діни мекемелердің (мешіттер мен шіркеулердің), мәдени және спорт мекемелерінің режимі мен жұмыс жағдайлары туралы соңғы жаңалықтарды таба аласыз. Сонымен қатар парақшада COVID-19 бар-жоғына тестілеуден қайда өтуге болатыны, зертханалардың мекенжайлары, оқшаулау режимінде өзін-өзі қалай ұстау керегі, дәрігерлердің бақылауымен үйде емделу, дәріханада дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы ақпарат бар. Коронавирус бойынша "жедел желі" (тәулік бойы) – +7 (7172) 76-80-43; 1406; 109. Жедел жәрдем – 103. Ерікті болу – +7 701 356-22-96; психологиялық қолдау қызметі – +7 (7172) 20-10-90, +7 771 996-09-27, +7 702 172-61-39; қан плазмасына донор болу – +7 771 377-91-10 (тіркеу), +7 702 091-18-60 (тіркеу), +7 (7172) 54-32-38 (сенім телефоны).

Серіктес жаңалықтары