Алматыдағы ең ірі автобус парктерінің бірі жұмысын тоқтатты

Алматыдағы ең ірі автобус парктерінің бірі жұмысын тоқтатты

Алматыдағы ең ірі автобус парктерінің бірі жұмысын тоқтатты
ашық дереккөзі
278
Алматыда жолаушылар тасымалымен айналысып келген "АвтоТрансГаз" ЖШС жұмысын тоқтатты. Алматы қаласы Мобилділік басқармасының басшысы Ерлан Әділовтің айтуынша, компанияның жабылуына қаржылай қиындықтар себеп болған.  Бұл мекеме қаладағы № 3, 16, 29, 29Р, 34, 47, 50, 85, 106, 107, 112, 126 бағыттар бойынша қызмет көрсетіп келген. Қала әкімдігі, сондай-ақ, "АвтоТрансГаз" ЖШС жұмысын биыл қаңтар айында тоқтататыны туралы хабарлағанын жеткізді. "Компанияның жабылуы – бұл қалыпты бизнес үрдіс. Мекемедегі автобустардың бір бөлігі жаңартуды қажет еткен, ал компания оған дайын болмады. Сондықтан нарықтан кету шешімін қабылдады. Автобус бағыттарын өзге тасымалдаушыларға бөліп беру қарастырылған, олар жаңа автобус сатып алулары керек болған. Алайда пандемияға байланысты автобус сатып алуды кейінге қалдырды", - дейді әкімдіктегілер.

Серіктес жаңалықтары