287
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар қайта форматталады – министр
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар қайта форматталады – министр
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездеуінде министрліктің отандық БАҚ-ты дамытуға қатысты жоспарларын жариялады.
«Қазіргі таңда біздің ведомствоның алдында бірқатар міндет тұр. Жұмыстың табысты болуы осы міндеттердің іске асырылуына байланысты. БАҚ-ты дамыту саласында мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар қайта форматталады. Бұл ретте аналитикалық материалдардың, шығармашылық және мультимедиалық контенттің үлесі артады», - деді Аида Балаева.
Министрдің айтуынша, баспа БАҚ-тың, интернет-ресурстар мен телерадиохолдингтердің құрылуы арқылы мемлекеттік медиаресурстар оңтайландырылады. Сонымен қатар, Қазмедиа орталығы модернизациядан өтпек.
Айта кетейік, бұған дейін Аида Балаева қазақстандық БАҚ-ты мемлекеттік қолдау қадамдары қайта қаралатынын мәлімдеген.
Сондай-ақ, министр елімізде екі жаңа телеарна – «Абай ТВ» және «Әл – Фараби» арналары ашылатынын хабарлаған.