Украинаның батысында 180 елдімекен су астында қалды

Украинаның батысында 180 елдімекен су астында қалды

Украинаның батысында 180 елдімекен су астында қалды
ашық дереккөзі
Украинада Ивано-Франковская облысында 8 елдімекенді су басты, 3 871 үй, 6 400 үй жанындағы жер телімі су астында қалды, 202,3 шақырым автожол бүлінді (278 болатын), – деп жазды Қазақпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап. «27 маусым күні Ивано-Франковская облысында 8 елдімекен жарықсыз қалды. Электр сымдарын қалпына келтіруге облыстық энерго бригадасы тартылған. Батыстағы облыстарда (Ивано-Франковская, Черновицкая, Львовская және Тернопольская) жауыннан болған тасқын зардаптарын жою жұмыстары жалғасып жатыр», –деп хабарлады Украинаның Төтенше жағдай мемлекеттік қызметінің баспасөз қызметі. Жалпы облыс аумағында тасқыннан 3 адам көз жұмды (Ивано-Франковская облысында). 180 елдімекен мен 202 шақырым автожол су астында қалды. ТЖМҚ күштері тәулік ішінде 46 адамды құтқарып (жұмыс басталғалы – 478 адам), 3 адамды эвакуациялады (жұмыс басталғалы 718 адам); су басқан жерлерден 183 адамды алып өтті (жұмыс басталғалы – 2 565 адам), 39 622 текше м су сорып алынды (жұмыс басталғалы – 102 691 текше м); елдімекендерге 1 790 кг азық-түлік (жұмыс басталғалы – 7858 кг) және 9140 л ауыз су (жұмыс басталғалы – 15365 л) жеткізілді. Оқиға зардаптарын жою үшін 1 877 адам және 455 техника жұмылдырылған. Оның ішінде ТЖМҚ-нің 613 адамы мен 226 техникасы (2-еуі тікұшақ) бар. Айта кетсек, 22-24 маусым аралығында тоқтаусыз жауған жауын-шашын Ивано-Франковская, Черновицкая, Львовская және Тернопольсая облыстарында су тасқынының туындауына себеп болды.