Журналистер Президент алғыс хатымен марапатталды

Журналистер Президент алғыс хатымен марапатталды

Журналистер Президент алғыс хатымен марапатталды
ашық дереккөзі
Бүгін елордада бір топ журналист ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хаттарды ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен табыстады, – деп жазды ҚазАқпарат. Сонымен Президент алғыс хатын «Айқын» сайтының редакторы Асқар Бек, «ҚазАқпарат» ХХА мультимедиялық контент бөлімінің басшысы Дулат Нуркин, «Қазақ радиоларының» редактор-жүргізушісі Бағдагүл Рахметқызы, «Хабар» телеарнасының тілшісі Гүлжан Марқабаева, «Казахстанская правда» газетінің шолушысы Елена Левкович, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Төлеубай, Еуразия бірінші телеарнасының тілшісі Айдана Үсенбай алды. Айта кетейік, Дәурен Абаев бүгін ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын, гранттарын тапсырған болатын.